• Бизнес & Қоғам
  • 14 Қаңтар, 2021

Икемді әдіспен басқару – бизнес дамуының кепілі

Алматыдағы «Сбербанктің» басты кеңсесінде БАҚ өкілдеріне арналған «Agile жобасының тиімді әдістемелік басқаруды қалайша жүзеге асыруға болады?» атты тақырыпта конференция өтті.

Ресейден келген арнайы ма­ман Николай Борисов журна­листер қауымына жаңадан шық­қан Agile жобасының бизнес саласына тигізетін ықпалдарын, тиімділігін егжей-тегжей түсін­дірді. Сонымен қатар ол Agile жобасы өте тез әрі жеңіл, одан тарай­тын Scrum, Kanban жоба­лары бір-бірімен тығыз байла­нысты екендігін атап өтті.
Журналистер өкілі Agile бойынша қалай бизнес-жоспар өткізу керектігі бойынша ойын түріндегі тәжірибеден өтті. Конференция барысында қаламгерлерге Икемді (Agile) жобаны басқару, Scrum әдісі бойынша жобаларды басқару негіздері, Scrum әдісінің жалпы сипаттамасы, Scrum жоба­сының өмірлік циклі, Спринт Анықтамасы (Sprint), Scrum жобасының негізгі арте­факті­лері, Scrum әдісі бой­ын­ша жоба­ны ұйымдастыру жайлы мәлімет­тер таныстырылды.
«Сбербанк» АҚ ЕБ баспа­сөз хатшысы Гүлмира Мухси­нова бұл жоба экономика тақыры­бында жазатын БАҚ өкілдері үшін таптырмас үлкен тақырып екендігін, болашақта Agile биз­нестің барлық саласында та­бы­­латындығын жеткізді.
Басқосудың соңында журна­листерге «Agile қалайша бизнеске тиімді ықпалын тигізеді» деген сер­тификаттар табысталды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

632 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы