• Бизнес & Қоғам
  • 14 Қаңтар, 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы бірлескен іс-қимыл аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының кездесуі өтті.

Онлайн режимінде өткен жиын­ға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменттері, министрліктің ведомстволық бағы­ныстағы ұйымдары, әкімдік­тердің ішкі саясат, қоғамдық даму, жастар және дін мәселелері жөніндегі басқармалары, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар ведомствоның күн тәртібінде басым орын алатынын атап өтті. «Министрлік азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне біріктірудің маңыздылығын толық түсінеді. Бұл олардың нақты тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.
Ағымдағы жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде көрсетілетін бірқатар мемлекет­тік қызметтер қатары автоматтан­дырылғаны айтылды. Ал, «қағаз баламасынан» толықтай бас тартып, цифрлық форматқа көшу бойынша жұмыс министрліктің барлық салаларында алдағы жылы белсенді жалғасады.
«Адалдық алаңы» жобалық кең­сесінің қатысуымен министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша талдамалық жұмыс жеделде­тілді, коммерциялық емес ұйымдарға гранттық қаржыландыру үрдістерін трансформациялау жүргізілді. «Біз министрліктің өзінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізумен шектеліп қалмаймыз. Барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда да осы жұмысты жүргіземіз, азаматтармен және комплаенс-қызметтермен жұмыстың сервистік моделін енгі­зуді жалғастырамыз. Министрлік жұмысын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама алу бойынша халыққа арналған бірыңғай ақпараттық колл-орталық ашу да жоспарда бар», – деді жоба жетекшісі Лима Диас.
Министрліктің онлайн «Білім базасын» құрудағы тәжірибесі қызы­ғушылық тудырды. Онда мемле­кеттік тапсырыс пен гранттарды қар­жы­ландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың соңғы 4 жыл ішінде жасаған интеллектуалды өнімдері: ғылыми зерттеулер, әдістемелік нұсқаулықтар, есептер ашық қолже­тімділікте орналастырылған.
Министрлікте баса назар мемле­кеттік органдардың ашықтық дәре­жесін бағалауға бағытталған, ақпа­ратқа қол жеткізу саласындағы заң­наманы жетілдіру бойынша шаралар пысықталуда. «Қоғамдық бақылау туралы», «Онлайн-петициялар туралы» заң жобаларына және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға енгізілетін жаңалықтарды әзірлеуде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық. «Министрлік парасаттылық идеологиясын ілгерілетудегі негізгі әріптес болуға тиіс. Қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы оң заңнамалық өзгерістер, қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар желісі бойынша новеллалар – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінде, демек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен айқындықты арттыруда серпінді рөл атқаратыны сөзсіз», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев.
Сондай-ақ ақпараттық және тү­сіндіру жұмыстарының өзектілігін атап өтіп, азаматтық қоғамның басты рөліне назар аударды. «Жастар форумдар мен флешмобтарға қатысумен шектелмеуі тиіс – оларды пәрменді іс-шараларға тарту қажет. Осыған ұқсас этно-мәдени орталықтар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері парасаттылық идеологиясын таратуға және дәріптеуге нақты қатысуы тиіс», – деді ол.
Шара барысында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдас­тығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Қоғамдық бақылау» тобының үйлестірушісі Саида Таукелева сынды азаматтық белсенділер өз ойларымен бөлісті.
Атап айтқанда, Айгүл Соловьева: «Министрлік басқа мемлекеттік органдарға транспаренттіліктің көр­некі үлгісін көрсетуде. Өткен жылы АҚДМ министрдің қатысуымен 40-тан астам түрлі онлайн-алаң өткізді, онда кез келген ниет білдіруші өз пікірін білдіріп, сұрақ қоя алды. Бұл трендті барлық мемлекеттік органдар қолдауы тиіс», – деді ол.
Шара соңында министр А.Балаева агенттіктің ұсынымдары негізінде министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша бірлескен жоба әзірлейтінін жеткізді.

Нұрлан ҚҰМАР

629 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы