• Өзекті пікір
  • 14 Қаңтар, 2021

ЖЕР ҚАДІРІН БАҒАЛАЙ БІЛЕМІЗ БЕ?!

Биыл еліміз қастерлі Тәуелсіздігінің отызжылдығына қадам басты. Тарихи тұрғыдан алғанда қас-қағымдай осынау аз ғана уақыт ішінде ғасырларға жүк болар ауқымды істер атқарылды. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде танылып, орнықты. Халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жасампаз жаңа ұрпағы өсті.

Осы ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ма­қала­сында азаматтарымызды көп­тен мазалап жүрген жер мәселесі бойынша да нақты жауап берілді. Онда қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейтіні, ешқашан сатылмайтыны атап айтылды.
Мемлекет басшысы атап өт­кендей, шын мәнінде, бізге осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бұл жер – ежелден қазақтың ата қонысы, қастерлі мекені. «Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондық­­тан, биыл Жер мәселесі жөнін­дегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн», – деп жазды Президент «Тәуел­сіздік бәрінен қымбат» атты мақала­сында.
Мемлекет басшысы қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын екенін айтып өтті. «Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет», – деді ол.

 

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы