• Спорт
  • 21 Қаңтар, 2021

Дохада жүлдесіз қалдық

Әлемдік рейтингте 49 орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Түркияның Анталия қаласында өткен АТР турнирінің финалына шыққан болатын.

Жартылай финалдық сайыста жерлесіміз әлемнің 72-ші ракеткасы, 33 жастағы Францияның өкілі Жереми Шардимен күш сынасты. 2 сағат 5 минутқа созылған бұл бәсекеде Александрдың асығы алшысынан түсті. Есеп – 6:4, 6:7, 6:3. Оның алдын­да ол үш бірдей италиялық теннисші – Сальваторе Кару­зо, Тристана Ламазина және Маттео Берреттиниден басым түскен еді. Бублик ақтық сында австралиялық Алекс де Минаурмен шеберлік бай­қас­ты. Жасыл құрлықтың өкілі бұл күндері АТР рейтингінде 23 орынды иеленуде.
Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ғана Әбу-Дабиде өткен WTA турнирінде Қазақстанның қос теннисшісі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсеткен еді. Юлия үшінші айналымда америкалық Софья Кенинге есе жіберсе, Елена ширек фи­налда беларуссиялық Елена Соболенкодан ұтылды.
Финалда Бублик АТР рей­тингінде 23 орында тұрған аустралиялық Алекс де Ми­наурмен жолықты. Өкінішке қарай, алдағы ойында алған жарақаты сыр беріп, жер­лесіміз кездесуді жалғастыра алмады. Жеті минуттан кейін ол корттан кетті. Осылайша, бас жүлде жасыл құрлықтың өкіліне бұйырды.
Катардың астанасы Дохада дзюдошылардың Мастерс турни­рі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста әр салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтинг­тегі ең үздік 36 балуан ғана қатысты. Татами­ге шыққан алты өреніміз­дің ешқайсысы да жеңіс тұғырына кө­теріле алмады.

Айбол КӘДІРБАЙ

337 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы