• Серпін
  • 18 Ақпан, 2021

Биыл да үздік жұмыс беруші болды

Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясы Top Employers Institute (Үздік Жұмыс Берушілер Институты) беделді халықаралық ұйымының «Үздік жұмыс беруші 2021» марапатын қайта иеленіп, Қазақстандағы жетекші жұмыс беруші атағын растады. Бұған қоса, Takeda компаниясына төртінші жыл қатарынан әлемдегі үздік жұмыс берушінің беделді жаһандық мәртебесі берілді.

Осы жылы Takeda компаниясы 38 елде және төрт географиялық аймақта: Азия-Тынық мұхиты, Еуропа, Латын Америкасы және Таяу Шығыста «Үздік жұмыс беруші 2021» мәртебесін растау арқылы құндылықтар, этика мен адалдық, ұйымдастырушылық өзгерістер, көшбасшылық, тұрақтылық, өнімділікпен белсен­ділікті басқару сияқты салаларда Top Employers Institute талаптарынан асып түсті. Takeda жергілікті операциялық компанияларына берілген 38 сертификаттың 24-і Қазақстан кіретін Өсіп келе жатқан және Дамушы нарықтар бизнес бөлім­шесіне берілді.

– Біз екінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік жұмыс беруші атағын растағанымызға қуаныштымыз. Біз үшін Takeda қызметкерлеріне ең жақсы жұмыс жағдайларын жасау және әркімге өз-өзін көрсетуге мүмкіндік беру аса маңызды, өйткені бұл дамып келе жатқан нарықтардағы пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы компанияның міндеттемелері бойынша біздің адамдарға бар­лық мүмкіндікті іске асыруға көмектесетін кілт деп санаймыз, – деді «Такеда Қазақстан» ЖШС персоналмен жұмыс жөніндегі директоры Айжан Кенже. – Бүгінгі COVID-19 пандемиясымен байланысты қиын жағдай адам­затқа көбірек назар аударуды талап етеді. Қызметкерлерімізге қолдау көрсетіп, өзін-өзі жүзеге асыруда демеп және сенім мәдениетін нығайта отырып, біз адамдарға мықты денсаулық пен әлемнің жарқын болашағын құруға көмектесе аламыз.

 Top Employers Institute бас директоры Дэвид Плинк: «Takeda компаниясы жаһандық және жергілікті деңгейде өз қыз­меткерлеріне адалдығын көр­се­туді жалғастыруда және біз оларды төртінші жыл қатарынан Top Employer жаһандық серти­фикациясын иеленуімен құттық­таймыз», – деді.

Биыл үздік жұмыс беруші мәртебесі Институт анықта­ған географиялық аймақтар­дағы Takeda-ның 38 жергілікті опе­рациялық компанияларына берілді.

Top Employers Institute бағ­дарламасы персоналды басқару саласындағы озық тәжірибені растайтын тәуелсіз зерттеу нәти­желері негізінде ұйымдарды сер­ти­фикаттайды. Бұл сауалнама персоналды басқару қызметінің 6 саласын қамтиды, олар адамдарға бағдар алатын 20 бағыттан тұрады, олардың ішінде: мансапты дамыту; мәдениет; әртүрлілік және интеграция; оқыту; тұрақтылық; құндылықтар; әл-ауқат және жұмыс ортасы. 30 жыл бұрын құрылған Институт осы уақыт аралығында бес құрлықтағы 1600-ден астам үздік жұмыс берушіні сертификаттады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы