• Мәдениет & Спорт
  • 18 Ақпан, 2021

Мақсат – ұрпақты ұлттық рухта тәрбилеу

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойын министрлік республикалық деңгейде атап өтуге дайындалып жатқандығын мәлімдеді. 

Бұл жөнінде ол Нұр-Сұл­тандағы Қ.Мұңайтпасов атын­дағы Олимпиада резерві­нің мамандандырылған Респуб­ликалық мектеп-интер­нат кол­леджінде даңқты қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайт­пасов­тың 150-жылдығын той­лауға арналған салтанатты шарасында айтқан болатын. «Қажымұқан атамыз – бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға ай­налған азамат. Кей деректерге сүйенсек, балуан бабамыз күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте бақ сынап, 48 жүлделі медальдарды олжалады. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасов ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде қал­ған. Батыр бабамыздың 150 жыл­дығы осы жылы республика аумағында атап өтіледі. Бүгін әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты салтанатты ашылу рәсімін кең көлемде атап өту мүмкін болмай отыр. Десек те, бұған қарамастан бабамыздың 150 жылдығы лайықты, жо­ға­ры деңгейде мерекеленеді.Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімін ұлықтау, мәңгілік есте қалдыру мақсатында арнайы республикалық іс-шаралар жос­пары әзірленді. Бүгіннен бастап республикамыздың бар­лық өңірінде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды бір кісідей ат салысуға шақырамын», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Айбол КӘДІРБАЙ

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы