• Қаржы
  • 18 Ақпан, 2021

Қазақстандықтар 6 компанияға инвестициялай алады

Келесі аптадан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялай алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құнды қағаздар департаментінің директоры Еділ Медеу айтты.

2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зей­нет­ақы жинағының бір бөлі­гін мақсатты пайдалануға қа­тысты заңға қол қойды.

Осы ретте «Зейнетақы ак­тивтерін басқаруды жоспарлап отырған жекелеген басқарушы компаниялар қазірдің өзінде зейнетақы активтерін сенімгерлік бас­қаруға арналған келісім­шарт жасасу бойынша Бірың­ғай жинақтаушы зейнет­ақы қорымен жұмысты бастап кетті. Олармен ақпан айының басынан бері ақпарат алмасу және зейнетақы жи­нағын берумен байланысты техникалықмәселелер пысықталуда. Келісімшарттар жасалып, БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялардың тізілімі жарияланғаннан кейін салымшылар басқарушы компанияны таңдап, жинақ­тарының бір бөлігін сол жаққа аудара алады. Біз келесі аптада салымшылар үшін бұл қызмет қолжетімді болады деп ойлаймыз», – деді Еділ Медеу.

Агенттік мәліметінше, инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар 18 басқарушы компанияның 6-уы бекітілген талаптарға сәйкес келеді. Олар: «First Heartland Jysan Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы», «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың ЕҰ), «Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ, «First Heartland Capital» АҚ.

1123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы