• Спорт
  • 25 Ақпан, 2021

Нағыз талант тасада қалмайды

Ауылдық жерлерден жиналған талантты балалардың жас алмасу кезеңінде қиындыққа душар болатыны бар. Осы кезде шынайы спортшының бағыты қалыптасады. Қаншама қиындықтарға шыдай алатын дара спортшы өзін әлемдік аренада көрсетіп үлгерері анық.

Жеңіл атлетика «Спорт падишасы» деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Бұл спорт түрін жақсы меңгерген адам басқа да сайыста өз қабілетін көрсете алатыны дәлелденген.  Бір қуанарлығы, елімізде Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосанов сынды аты аңызға айналған спортшылардың ізін жалғастырып келе жатқан жастардың қарасы көбейіп келеді.

Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық «Qazaqstan» кешенінде жасөспірімдер арасында биылғы жылдың алғашқы ірі жарысы өтті. Екі күнге созылған біріншілікке Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Қарағанды, Нұр-Сұлтан қаласынан 175 спортшы қатысты. 2004-2005 және 2006-2007 жылғы жасөспірімдер жеңіл атлетиканың бес түрінен, яғни ядро лақтырудан, жүгіру­ден, эстафетадан, ұзындыққа секіруден және жеңіл атле­тикалық жүрістен сынға түскен болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды 13 алтын, 8 күміс, 7 қола жүлдемен Қарағанды қаласы жеңіп алды. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордалық жеңіл атлеттер еншісінде 12 алтын, 11 күміс, 11 қола жүлде бар. Үздік үштікті 8 алтын, 14 күміс, 10 қола жүлдемен Солтүстік Қазақстан облысы қорытындылады.

Салтанат Қажыкен

392 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы