• Мәдениет & Спорт
  • 25 Ақпан, 2021

Болашақ чемпиондарға тарту

Биылғы жылы Алматы қаласында 10 спорт кешені салынып, 52 орта мектептің стадиондарын жаңарту жоспарда бар.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халық­қа есеп беру кездесуінде мәлімде­ген еді. «Біз қазір кешенді бағ­дар­лама жасадық, яғни бұл – спорт кешендерін салу. Биылдың өзінде бюджеттің есебінен алты спорт кешені салынады. Бұдан бөлек жеке кәсіпкерлер де кешен соғып жатыр. Екіншіден, ашық алаңдар жасалынуда. Біз осы ашық алаңда балаларды спортпен шұғылдандыру үшін тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырып жатырмыз», – деді қала басшысы.

Жалпы биыл 10 спорт ны­санының құрылысы жоспар­лануда, оның алтауы жергілікті бюджет есебінен. Бұл 5 дене шы­нықтыру-сауықтыру кеше­нінің құрылысы, оның ішінде қала шетінде Жетісу ауданы­ның «Айнабұлақ-2» шағын ауда­нында, Медеу ауданының «Алатау» шағын ауданында, Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат», Жетісу ауданында­ғы «Кемел» және «Құлагер» ша­ғын аудандарында орналаспақ. Сондай-ақ, Алатау ауданында жабық және ашық корттары бар теннис орталығының құрылысы жоспарланған. Құрылыс жұмыс­тары басталды, үстіміздегі жылы аяқталады деп күтілуде.

Балаларды тегін спорт сек­цияларымен қамтуды арт­тыру үшін мектеп спорты феде­рациясымен бірлесіп қала мек­тептерінде спорт клубтарын ашу жұмыстары жүргізілуде. «Сұңқар» халықаралық шаң­ғы трамплині кешенінің 2-ші кезектегі құрылыс-монтаждау және «Жаңа Ал­маты» бағдарламасына сәйкес спорт секцияларын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, оның басымдықтары Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін спорттың қолжетімділігі болып табылады.

Айжан Жасбатырқызы

407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы