• Цифрлы Қазақстан
  • 04 Наурыз, 2021

Азаматтарға арналған үкіметте жеке менеджер қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді жеңіл және жедел алуға мүмкіндік беретін сервистер қатарын көбейтуде. Олардың қатарында порталда автокөлікті онлайн қайта тіркеген автоәуесқойлар egov.kz, үйге жеткізу арқылы автоөлшемдік белгілер мен техпас­порт­тарға тапсырыс бере алады.

Енді Азаматтарға арналған үкімет қазақстандық бизнестің қажеттіліктерін қарастырып, «дербес менеджер» сервисін іске қосты. Дербес менеджер – бұл клиентке жеке қызмет көрсету, клиенттің міндеттерін шешудің тиімді құралдарын, тиімді және стратегиялық дұрыс жолдарын табу міндеті бар маман. Осы жоба шеңберінде жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады, дербес менеджер тек түпкілікті нәтиже бере оты­рып, барлығын өзі жасайды.

«Дербес менеджер көрсе­тетін қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорация мен қызмет алушылар арасында бекітілген баға прейскуранты бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады. Дербес ме­неджердің сервисін жеке тұлғалар, ірі бизнес, екінші дең­гейлі банктер, құрылыс ком­­­паниялары және т. б. өкіл­дері пайдалана алады. Қызмет нәтижесін қызмет алушы  айт­қан жерге дейін әкеліп береді. Келісім-шартты 1 айдан1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қала­сы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

«Дербес менеджер» сер­висін енгізу ХҚО-ға түсетін жүктемені азайтады және қызмет алушылардың уақытын үнемдейтін көрінеді. Қазіргі таңда дербес менеджерлер фронт-офистерде отыр. Алдағы уақытта дербес менеджерлер келісім бойынша құрылыс компанияларында да отыратын болады.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

3400 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы