• Бизнес & Қоғам
  • 04 Наурыз, 2021

Жұмыссыздардың 17 пайызы – жастар

Еңбек нарығының елеулі бөлігін қай кезде де жастар құраған, ал олардың сан жағынан басымдылығы қоғамда оңды ілгерілетуге әсерін тигізер игі құбылыс болып табылады. Бұл ретте еліміздегі жастардың қазіргі аталған нарықтағы күйі көңіл көншітеді деп айта алмаймыз, мәселен, әрбір жұмыссыздықтың төртіншісі жастар екен. Іfinprom.kz сайтындағы жарияланымда бұл туралы жан-жақты ашып көрсеткен. 

Әрине, мәліметтер ресми деректер негізінде түзілгені, бұл қоғамымызда өткір мәселе болып тұрғанын мойындауымыз керек. 2020 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 15-тен 28 жасқа дейінгі 76,6 мың жұмыссыз жастар тіркеліпті, басқаша айт­қанда, бұл осыдан бір жыл бұрын­ғыдан – 5,5%-ға аз. Аталған жұ­мыс­сыздардың ішіндегі 32,5 мыңы ерлер болса, 44,1 мыңы әйелдер екен. Жастарымыздың 48 мыңы қалада тұрса, 28,6 мыңы – ауыл-кент тұрғындары.

Қазақстан Республикасындағы барлық жұ­мыс­сыздардың арасын­дағы жұмыссыз жастар үлесі 16,9%-ды құраған, бір жыл бұрын бұл көр­сеткіш 18,4% болған екен.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,6%-ды құрап отыр. Әйелдер арасындағы жұмыссыз­дық ерлер арасындағыға қарағанда жоғарырақ: 4,4% және 2,9% (1-инфографика).

Аймақтарға бөліп қарарстырар болсақ, бәрінен көп жұмыссыздар Алматы қаласында тұрады екен: республикадағы жұмыссыздардың 18,9%-ы немесе 14,5 мың адам; сөйте тұра, бұл бір жыл бұрын­ғыдан 12,5%-ға аз. Алматы қаласы (9,7 мың адам) және Түркістан (6,7 мың адам) облыс­тары жайғасқан.

Жұмыссыздар санының не­ғұр­лым көбірек өсімі Солтүстік Қазақ­стан (бір жылда 34,3%-ға) және Павлодар (33,9%-ға) об­лыс­тарының еншісінде – бұл аймақ­тардың әрқайсысында 2,1 мың адамнан. Сондай-ақ, Ақмола облысында жұмыссыздар саны айтарлықтай артқан – 2,4 мың адамға дейін (жылдық өсім 22,8%-ды құраған). Көрсеткіштің мей­лінше төмендеуі Ақтөбе облысында: 2,1 есеге азайған, яғни мұнда бар-жоғы 1,2 мыңға дейін ғана жұмыссыздар тіркеліпті (2-инфографика).

Барлық жұмыссыз жастардың арасында 21,1 мыңы (бұдан бір жыл бұрынғыдан 21%-ға артық) 3 айдан бастап 6 айға дейін жұмыс іздеумен табан тоздырады екен.

Олардың тағы 21 мыңы 1 айдан 3 айға дейін (бір жылда минус 22%) жұмысқа тұруға тырысып бағатын көрінеді. 14,5 мың жас жарты жылдай жұмыс іздеп сарылса, 13,9 мыңы – жарты айын сарп етеді екен. 102 мың жастың жұмысты немесе өз бизнесін бастап кету туралы келісім-шарты қолында, деп түйіндейді Finprom.kz сайты өз жарияланымында (3-инфографика).

Исатай ҚАМБАРОВ

1093 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы