• Үкімет: іргелі істер үрдісінде
  • 11 Наурыз, 2021

Шаралар кешені қабылданды

Премьер-министр Асқар Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Жиында жаңа экономикалық шынайылық жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері қаралды.

Отырыста ұлттық экономика министрі Ә.Ерғалиев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов, қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М.Әбілқасымова, Пре­мьер-министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайылов баяндама жасады. 2020 жылдан бастап ұлттық экономикадағы қалпына келтіру серпінін қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлік қызметті жандандыруды, цифрландыруды, АӨК-тің әлеуетін ашуды, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық, көлік, әлеуметтік және сауда инфрақұрылымын дамытуды көздейтін дағдарысқа қар­сы шаралардың бірнеше топтамасы қабылданды.

Өткен жылы COVID-19 пандемия­сы салдарынан экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының бірі – шағын және орта бизнес болды. Осыған байланысты биыл «Атамекен» ҰКП 50 мыңнан астам кәсіпкерге қосымша қолдау шараларына қажеттілік тұрғысынан сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелерінің негізінде 4 бағыт: бизнеске жүктеме­ні азайту, қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңей­ту бойынша 24 шарадан тұратын қосымша пакет әзірленді. Жаңа шаралар топтамасы жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында  қаралды.

Шаралар кешені экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілерінің ЭҚЖЖ тізбесін ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін жеңілдікті шарттармен қайта қар­жыландыру үшін 29-дан 174-ке дейін кеңейтуді, мемлекеттік мүлік объектілері және квазимемлекет­тік сектор мүлкі бойынша жалдау төлемдерін есептеуден биылғы 1 шілдеге дейін ШОБ зардап шеккен субъектілерін босатуды ұзартуды, ағымдағы жылдың соңына дейін мүлік салығын төлеуден босатуды ұзартуды, жұмыс берушіден алған қорғау қаражаты түрін­де кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің табыстарын ЖТС-тан босатуды, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бастамасы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығына мораторийді 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартуды, отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігін арттыруды, «Даму» КДҚ» АҚ кепілдік беру құра­лын Ұлттық банктің жеңілдікпен не­сиелендіру бағдарламасына таратуды қамтиды. Қосымша шаралар пакеті озық қалпына келтіру серпінін және жаңа экономикалық шынайылық жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыратын экожүйені қалып­тастыруды қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. Тікелей іс-қимыл шаралары ағымдағы жылы ІЖӨ-нің 3%-ға өсуіне қол жеткізуге ықпал ететін болады, 3,3 млн-нан аса адам жұмыс істейтін 1,2 млн-нан астам кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды қамтамасыз етеді.

Үкімет басшысы Парламент Мәжілісіне 25 наурызға дейін енгізу үшін Ұлттық экономика министрлі­гіне қолданыстағы заңнамаға тиіс­ті түзетулер топтамасын Үкіметке енгізуді тапсырды.

 

281 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы