• Спорт
  • 18 Наурыз, 2021

Ел қоржынында – 3 жүлде

Спорттың фристайл-могул және фристайл-акробатика  түрлері бойынша өткен әлем біріншілігінде спортшыларымыз үш жүлде жеңіп алды.

2018 жылы Оңтүстік Корея­ның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы олимпиаданың қола жүл­дегері Юлия Галышева күміс жүл­дегер атанса, Павел Колмаков қолаға қол созды. Ал 15 жастағы Анастасия Городко параллельді могул бойынша сайыста үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бұл әлем біріншілігі Алматыда­ғы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында ұйымдастырылған болатын.

Ұжымдық сайыста ел құра­масының спортшылары жүл­деге іліге алмады. Үш секі­рудің қорытындысы бойын­ша спортшыларымыз 211,62 ұпайменен соңғы орынға орналасты.  Шаңғы акробатикасы бойынша  жарыс жолына шыққан Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева елімізде өткен әлем чемпионатында білгендерінен жаңылды.  Ерлер командасы алғашқы іріктеу кезеңінен әріге аса алған жоқ. Шерзод Хаширбаевтың іріктеуді 18-ші, Нұрлан Батырбаев 25-ші, Роман Иванов 27-ші орынмен аяқтады.

Алматыдағы әлем чемпио­наты мәресіне жеткен соң одақтас мемлекеттердің Ұлттық шаңғы қауымдастықтары басшылары мен өкілдерінің конференциясы өтті. Жиынға қатысқан Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков әлем чемпионатын ұйымдастыру еліміздің халықаралық аренада­ғы имиджін жақсартатынын, әлем додасын өткізу арқылы аталған спорт түрінің елімізде қарқынды дамуына жол ашылып, төреші­лер мен бапкерлер құрамының біліктілігін арттыруға көңіл бөлі­нетінін айтты.

Бұған дейін елімізде өткен Әлем кубогының кезеңдері Қазақстандағы фристайлдың дамуына айтарлықтай серпін берді. Могул да, шаңғы акроба­тикасы да қарқынды түрде дамып келеді.

Айбол КӘДІРБАЙ

203 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы