• Мәдениет & Спорт
  • 01 Сәуір, 2021

Шұбайқызыл шоқысы

Шұбайқызыл шоқысы – Түркістан облысының Түлкібас ауданында орналасқан. Бұл жерде көктемде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген Грейг қызғалдағы гүлдейді.  
Ғасыр бойы «Красная горка», кейіннен «Қызыл төбешік» деп аталып келген жерге қарымды қаламгер Мархабат Байғұттың бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» атауы қайта берілген болатын. 1977 жылдан бері бұл жер мемлекеттің қарауындағы аймақ болып саналады.
Қызғалдақтың ең әдемілері Алатау мен Қаратаудың қауышқан жері – Түлкібас ауданының Ақсу-Жабағылысында және Шұбайқызыл деп аталатын теңдесі жоқ төбеде өседі. Жыл сайын осы жерде қазақ даласының жауһары, гүлдің патшасы саналатын қызғалдақты дәріптеуге арналған «Қызғалдақ фестивалі» өтеді.  Шұбайқызыл шоқысындағы фестивальде «Шырайлым – Шұбайқызылым» атты байқау ұйымдастырылып тұрады.
Грейг қызғалдағы Түркістан облысының Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аудандарының таулы аумақтарында кездеседі. Ең көп өсетін жері – Шұбайқызылда. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар 15-20 гектардай алқапты қызыл кілемге орайды. Шұбайқызыл шоқысына шығып қарасаң, «Түркібасы» шоқысы мен алыстан Ақсу-Жабағылы қорығының қарлы шыңдары көрінеді.

844 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы