• Білім & Ғылым
  • 01 Сәуір, 2021

Ауылдағы білім сапасын көтеруге жол ашатын жоба

«Powered by NIS ауыл мектебі» – ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған жоба. Жоба еліміздің төрт мектебінде: Ақмола облысының Бұланды ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Катонқарағай аудандарында жүзеге асырылуда. «Aitas KZ» АҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (НЗМ) жоба бастамашылары болып табылады.

Қазақстанда мектептердің ша­мамен 75%-ы ауылдық мектептер. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ауылдағы мектептер білім сапасы, оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуі жағынан қалалық мектептерден едәуір артта қалып келеді.

Жоба бастамашыларының пікі­рінше, қоғам, үкімет және бизнес арасындағы ынтымақтастық ауыл­дарды тұрақты дамыту страте­гиясын жүзеге асыруға және НЗМ тәжірибесін елдегі орта білім беру мектептерінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, 2020 жылдың жазында «Aitas KZ» АҚ мен «Назар­баев Зияткерлік мектептері» арасында жалпы бюджеті 800 миллион теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді бағдарлама 3 жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Мәселен, былтыр – мектеп диаг­нос­тикасы, информатика, робото­тех­ника, ер балаларға арналған инже­нерлік кабинеттер, қыздарға арналған көркем еңбек, аспаздық шеберхана, кітапхана, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

Биыл – биология, химия, физика, математика, география, тарих каби­неттерін жабдықтау және мұғалімдерді оқытып, тәжірибеден өткізу.

Ал келесі жылы – бастауыш, негізгі және орта мектептерге арнал­ған ка­бинеттерді жабдықтау, мұға­лім­дерге арналған оқу және өндірістік тәжіри­белер.

«Aitas КZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев  қаланың және ауылдың білім деңгейін теңестіруге мүмкіндік беретін білім беру жобасының болашағы зор екендігін атап өтті. «Бірінші кезеңнің оң нәтижелері біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді.  Болашақта біз бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша дамыта беруді жоспарлап отырмыз, сондықтан біз басқа кәсіпкерлерді бағдарламаны іске асыруға қатысуға шақырамыз», – деді ол.

Былтырғы жылдың соңында бағ­дарламаға қатысушы 4 мектепте «Powered by NIS ауыл мектебі» білім беру бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды. Нә­тижесінде 284 мұғалім НЗМ әдістемесі бойынша біліктілігін арттыру тренингінен өтті, ал 2500-ден астам мектеп оқушыcы сапалы білім алуға қол жеткізді. Төрт  мектептің әрқайсысы робототехника, информатика, инженерлік, сәндік-қолданбалы өнер, тамақ әзірлеуге арналған 6 жаңа кабинетпен және кітапханамен жабдықталды.

Тиімділігін көрсеткен бірінші кезең білім берудің үлкен стратегиясына көшуге мүмкіндік берді. Оның басты мақсаты – 2026 жылдың аяғына дейін барлық 164 ауылдық жерде «Powered by NIS» мектептерін іске қосу. Бастаманы әрі қарай жүзеге асыру үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіпкер-серіктестерді тарту жоспарланған. Ұзақ мерзімді бағдарламаның жалпы бюджеті шамамен 32,8 миллиард теңгені құрай­ды.

«Біз оқыту әдістемесі мен технологиясын, мектеп менедж­менті мен жергілікті қоғамдастықпен байла­нысты кешенді түрде қарас­тыр­дық. Әрине, әр бағыттың өзіне тән проблемалары бар. Бірақ бірінші кезеңнің соңында менеджмент пен басқару бойынша,  оқыту әдістерінде, сондай-ақ IT құзыреттілігінде кедер­гілерді жеңу бойынша оң нәтиже­лерге қол жеткізілді. Сондай-ақ «Aitas KZ» АҚ-мен бірлесіп атқарған жұмыстың арқасында сыныптарды техникалық жабдықтау және мектептерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді», – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрағасы Күләш Ноғатайқызы.

«Aitas KZ» АҚ тігінен инте­гра­цияланған холдинг болып саналады, оның құрамына өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру және қайта өңдеу, тарату саласындағы 15 кәсіпорын бар, соның ішінде Макинск және Kus&Vkus брендімен Өскемен құс фабрикалары кіреді. Бұл aкционерлік қоғам  «Powered by NIS ауыл мектебі» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға 155 миллионнан астам теңге бөлінді.

Аталмыш холдинг 1996 жылы Өскеменде құрылды. Осы жылдар ішінде компания Қазақстанның аграрлық секторындағы көшбас­шы­лардың бірі болып саналатын құс етін өндіру, қайта өңдеу және тарату саласындағы жетекші тігінен біріктірілген холдингке айналды. «Aitas KZ» АҚ-ның жергілікті өндірушілер арасында нарықтағы үлесі 20%, сондықтан саладағы же­текші орындардың бірін алады.

Нұрлан ҚҰМАР

1736 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы