• Руханият
  • 08 Сәуір, 2021

ҚАТУ ТАУЫ

Қату тауы – Алматы облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан. Ол ежелгі жанартау атқылауынан пайда болған. Оған «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Кербұлақ ауданы, Басши ауылындағы орталық кеңсесі немесе Алматы қаласындағы филиалынан рұқсат қағазын алу арқылы ғана тамашалауға болады.

Жанартаудан аққан ыстық лавалардың қату әсерінен бұл жерде әр түрлі пішіндегі тастар қалыптасқан. Мыңдаған жылдар өтсе де, ерекше қалыптар, яғни пішіні мен үлкендігі әр түрлі ойықтар, саңылаулар, иірімдер сол күйі сақталып қалған. Бұл пішіндер бірде сөреге, бірде ыдысқа, бірде хан тағына ұқсайды. Сондай-ақ  жер рельефінің әр түрлілігіне байланысты таулар жасыл, қызғылт және т.б түстерге боялған. Осындай ерекше жаратылыс тауға ерекше көрік беріп тұр.

300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы