• Спорт
  • 08 Сәуір, 2021

Он бір жүлдені қанжығамызға байладық

Түркияның Ыстанбұл қаласында мәресіне жеткен жүзуден ересектер мен жастар арасындағы халықаралық турнир отандық спортшыларымыз үшін табысты аяқталды.

Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында өткен байрақты бәсекеде біздің спортшылар 11 медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Баландин 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде топ жарса, 50 метрге баттерфлай жарысында күміс жүлдені қанағат тұтты. Әсіресе Олимпиада чемпионы 200 метрге брасс әдісімен жүзуде ерекше көзге түсті. Ол аталмыш қашық­тықты 2 минут 10,11 се­кунд­та жүзіп өтті.

Ал осы әдіспен 100 метрге жүзуде Әділбек Мусин тұғыр­дың биік сатысынан көрінді. Сонымен қатар ол 50 және 100 метрге жүзуде күміс жүлдені жеңіп алды. 50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин бірінші орын алды.

Әйелдер арасындағы жарыста да жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Брасс әдісі бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өтсе, 100 метрге жүзуде күміс медаль иеленді. Тағы бір отандасымыз Анастасия Резванцева 200 метр қашықтықта екінші болды. 100 метрге шалқалап жүзуден Әділ Қасқабай төртінші орын иеленді. Әйелдер арасындағы осы қашықтықта Анастасия Резанцева алғашқы төрттіке енген.

Биыл жазда байрағы көте­рілетін XXXII Жазғы Токио Олим­­пиадасында жүзуден 37 алтын жүлде сарапқа салынатын болады. Тек бұл спорт түрі бойынша 10 күнге созылатын бәсекеде әлемнің үздік жүзгіштері бақ сынайды деп күтілуде.

Айбол КӘДІРБАЙ

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы