• Мәдениет & Спорт
  • 15 Сәуір, 2021

ШУ ӨЗЕНІ

Шу өзені – Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары арқылы ағып өтеді.

Өзеннің  ұзындығы – 1186 км, Қазақстан аумағындағы ұзындығы – 800 км. Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Чүй (Шу) аталады.

Өзен жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Атбашы, т.б. каналдар, шағын су электр станциясы салынған.

Бұл өзеннің атауы «су», «өзен» мағынасындағы көне түркі диалектілерінің бірінен алынған деген пікірлер бар. Біз Шу өзенінің бұл көрінісін Мойынқұм ауылы маңынан жеңіл ұшақтың көмегімен биіктен түсіріп алған едік.

Суретті түсірген Досжан Балабекұлы

1511 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы