• Бизнес & Қоғам
  • 15 Сәуір, 2021

Ел экологиясын жақсартуға арналған жаңа жоба

Еліміздегі беделді 22 ұйым жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі жобаны іске асыруға тартылатын болады. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыруға арналған баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төр­ағасы Шахмардан Байманов елдегі экологиялық жағдай туралы айтып, жоба шеңберінде оны шешудің тиімді жолдарын ұсынды. «Былтырғы жылы біз жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіттік. Бұл жоспарға «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі жобаларды іске асыру кіреді», – деп атап өтті ол.

АБҚО-ның басшысы Лима Диас жобаның маңыздылығына тоқталды. Жоба үйлестірушісі Рахмет Әлихан «World Cleanup day» дүниежүзілік акциясы, эко-ертегілер бөлімдерін әзірлеу және шығару, экологиялық тәрбие тақырыбына бейнематериалдар сериясын дайындау, сондай-ақ түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу туралы айтып берді.

«Киелі табиғат» YouTube ғылыми-ағартушылық арнасы құры­лады, ал бейне-контент мек­тептерде, колледждерде және ЖОО-ларда жастар ісі жөніндегі коми­теттер, жастар ресурстық ор­та­лықтары арқылы таратылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

740 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы