• Мәдениет & Спорт
  • 15 Сәуір, 2021

«Керуен-сарай» – Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен

Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпбейінді туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылдың аяғында басталды.

Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткі­зуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орта­лығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі. «Керуен-сарай» кешенінің Орталық Азияда бала­масы жоқ және ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналуы тиіс.

«Керуен-сарай» кешенінің ашылу салтанатына премьер-министр Асқар Мамин, Түркіс­тан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор-компания­ның өкілі Қуанышбек Құдай­берген қатысты.

Жұмыс сапары барысында премьер-министр Түр­кіс­тан­дағы Қазақ музыкалық драма театрына барды. Ғимарат­тың жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Бұл – жаңа жабдықтармен және театр жұмысына қажетті бар­лық бөлмелермен жабдықталған заманауи кешен. Көрермендер залының сыйымдылығы 510 адамды құрайды.

Үкімет басшысы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханамен танысты. Бұл ақпарат пен шы­ғармашылыққа арналған біре­гей хаб. Ғимараттың үш қа­баты оқу залдары, коворкинг-орталықтары, фото-, бейне- және аудиожазба, каллиграфия, қыш өнері студиялары, ше­берханалары, оның ішінде 3D-модельдерді жасауға арналған шеберханалары, сондай-ақ киноконцерт залы, кофе­хана­лары, кітап кәде­сый­лары мен қолдан жасалған бұйым­дар дү­кендері қамтылған зоналарға бөлінген.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

288 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы