• Руханият
  • 22 Сәуір, 2021

Туризмді түлету жолындағы қарекет

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының қолдауымен өңірдегі киелі жерлерге экскурсиялық турлар ұйымдастырылады. 
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні және «Игі істер марафоны» жал­пы­ұлттық жобасы аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Шет ауданындағы Талды археологиялық паркіне экотур ұйымдастырды. Экскурсия барысында қатысушылар – Жастар ресурстық орталығының өкілдері, оқытушылар, оқушылар және мұражай қызметкерлері бірегей тарихи ескерткіштермен танысып қана қоймай, олардың маңайын кейбіреулер қалдырып кеткен қоқыстардан тазартты. 
Талды археологиялық паркі – тас, қола дәуірі, ерте темір ғасыры, орта ғасыр және қазіргі заман сияқты барлық тарихи кезеңдердің ескерткіштері шоғырланған жер. Қаражартас қорымындағы ең ірі Беғазы-Дәндібай кесенесін зерттеу нағыз жаңалық болды. Ескерткіш пирамидалық-сатылы құрылым болып табылады, сыртқы көрінісі Мысыр мен ацтек пирамидаларына ұқсайды. 2017 жылы жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары дала пирамидасының көрінісін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археолог-ғалымдары саябақ құру жобасын әзірледі. Жоба бойынша археологиялық зерттеулер, қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары жүргізілді. Паркте күзет тақталары мен нысандардың орналасу орындары көрсетілген. Қазіргі уақытта туристерге арналған үш тілде қажетті ақпараты бар QR-кодты баннерлерді орнату үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Талды тарихи-археологиялық паркі бойынша экскурсиялық турлар әзірленіп, сынақтан өткізіледі, туристік жолсілтемелер шығарылады. 
 

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы