• Мәдениет & Спорт
  • 29 Сәуір, 2021

БУРАБАЙ

Бурабай – қазақ даласының ортасында орналасқан тамаша жер, сиқырлы оазис. Бурабай өзінің сұлу табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен, жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен кез-келген адамды баурап алады. Бұл жерді көпшілігі Көкшетау тауына байланыстырып, «Көкшетаудың інжу-маржаны» деп атайды.

Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң – орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.

Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар Сарыарқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді.

Суретті түсірген Досжан Балабекұлы

659 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы