• Бизнес & Қоғам
  • 29 Сәуір, 2021

Болашақ бизнесмендерге арналған кітап жарық көрді

Алматы қаласында белгілі кәсіпкер, меценат,  TAS Group компаниялар тобының құрылтайшысы  Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.  

«Өте маңызды» кітабында кәсібін шағын несие ұйымынан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын өркен­детіп, қаржы компания­сына айналдырған кәсіпкердің биз­нес жолы, жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері қам­тылған. Бұл кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін пайдалы туынды болмақ.

«Өте маңызды» кітабының тақырыбы айтып тұрғандай, өз кәсібін дөңгелеткісі келетін кез келген жанға бизнесте ненің маңызды екеніне жол сілтейді. Егер сіз үшін идеядан іске, істен тәжірибеге жедел өрлеу маңызды болса, ендеше «Өте маңызды» кітабы сізге арналған! Кітапта автор табысты кәсіпкер ретінде өзінің толайым тәжіри­бесімен бөлісіп, бизнестің қыр-сырымен таныстырады. Жалпы, қазіргі уақытта жеке кәсібін ашуға талаптанып жүрген отандастарымызға арналған ана тіліміздегі сауатты көмекші құралдар санаулы. Сол тұрғыдан, белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей осы тектес еңбектері арқылы қаржы нарығын қазақ­ша­ландыруға да үлес қосып жүр­генін айта кету керек.

Қаржы нарығында елеулі ойыншыға айналған бизнесмен 11 жылдық тәжірибесімен, өмірлік көрген-түйгенімен  осы кітап арқылы бөлісуді жөн көрген. «Бұл еңбекті жазу, оны жарыққа шығару үнемі әлеуметтік желі арқылы кері байланыста болған оқырмандарының сұрауынан туған идея», – дейді автор. Бизнес бастау, жолға қою, кәсіптегі ішкі миссияларды түсіну, бизнесті масштабтандыру, тұлғалық қасиеттер жайлы осы туын­дыдан оқуға болады.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы