• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 29 Сәуір, 2021

Кешенді шаралар шынайы нәтиже береді

Цифрлы валюта толық енгізілсе, қазіргі банк жүйесі қирап қалуы мүмкін

 

Министрлер кабинетінің кезекті отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, халықты жұмыспен қамту шаралары, жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы талқыланды. Жиын төрағасы, Премьер-министр Асқар Мамин аталған мәселелер бойынша жауапты жүктемелерді бекітті.

Қазіргі сәтте санитарлық-эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанды. Вирустың репродуктивті индексі республика бойынша 1-ге дейін тө­мендеді. Инфекциялық төсек орындар 41%-ға, реанимациялық төсек орындар 28%-ға толық. COVID-19 таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары «қызыл аймақта» орналасқан. Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыс­тарын қоспағанда, қалған бар­лық өңірлер – «сары аймақта». 26 сә­уірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» қосымшасын кеңінен іске қосу жұмыстары бас­талды. Енді «Ashyq» қосымшасы аясында театрлар мен кинотеатрлардан басқа, дәмханалар, мейрамханалар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен спорт объектілері, оның ішінде фитнес-залдар ашылуға дайын.

Атап өтілгендей, қазір Қа­зақстан азаматтарын вакциналау екі вакцина – «Спутник V» және «QazCovid-in» вакциналары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан COVID-19 вакцинасын әлемдік өндірушілердің ондығына кірді. 177 елдің әлем­дік рейтингіне сәйкес еліміз коронавирус аймағына қарсы вакцинацияланғандардың саны бойынша 52-орында тұр. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, бұл сәуір айында вакциналауға жататын халықтың 20%-на вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бүгінгі ең маңызды міндет – азаматтарымызды корона­вирусқа қарсы вакциналаумен жаппай қамту. Сәуір айының қорытындысы бойынша вакцина­лауға жататын халықтың 20%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алуы тиіс. Вакциналау жоспары мен оны өңірлерге жеткізу графигін сақтау қажет», – деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы азаматтардың маска тағуы, әлеуметтік ара­қашықтықты сақтауы және адам­дардың көптеп жиналуына жол бермеу бойынша талаптардың қатаң сақталуы маңызды екенін атап өтті. Осы ретте бизнес-ортада кәсіпкерлерге енгізіл­ген шектеу шаралары жағдайында өз қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін «Ashyq» қосымшасын енгізуді кеңейтуді тапсырды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шараларды қарау барысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының және Жұмыспен қамтудың жол картасының құралдарын күшейтуді қоса алғанда, жұмыспен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқандығы баяндалды. Осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасымен 158 мың адам қамтылды (жоспар – 700 мың). Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту­ға баса назар аударылып отыр. Жалпы, биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 1,2 млн адамға көрсетіледі. Нақты жалақы мөлшерін 10%-ға – 221 мың тең­геге дейін ұлғайту көзделген. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан аспайды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша осы жылы 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің дерегіне сай, бүгінде жергілікті атқарушы органдар 32 мың жұмыс орнын, оның ішінде 12 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 378 инфрақұрылымдық жобаны іріктеді. Жол картасын іске асыру шарттары тұрақты жұмыс орындарын құруға негізделіп өзектендірілді. Жұмыспен қамту жол картасы 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие беру бойынша жаңа бағытпен толықтырылды. Несие алушылармен қосымша 11 мың жұмыс орны ашылады. Өзге мемлекеттік бағдарламалар аясында да 440 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Биылғы 1 шілдеден бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Ұлт­тық жобаға ауыстырылады. Бұл орайда құралдар мен міндет­тер жаңа әдіснамаға сәйкес тек өзектендіріліп қана қоймай, оған мүлдем жаңа тетіктер мен бизнес-процестер енгізіледі. Еңбек ресурстары дағдыларын дамытуда жұмыс берушінің нақты қажеттіліктеріне орай прак­ти­калық дағдыларды алуға баса назар аударылатын болады. Сонымен қатар нысаналы топтарды қажеттіліктеріне қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген жобалар іске асырылады. Жұмыспен қамту қызметтері онлайн және проактивті түрде, өтініш берусіз-ақ кеңінен ұсы­нылатын болады. 

Үкімет басшысы Павлодар, Қарағанды және Атырау облыс­тарында барынша көп тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысқа оң баға берді. «Халықты жұмыспен қамту – Үкіметтің маңызды міндеті. «Nur Otan» пар­тиясының бағдарламасында көрсетілгендей, тұрмыс сапасын арттыруды, жұмыссыздық деңгейін 2025 жылға қарай 4,7%-ға дейін төмендетуді қамтама­сыз ететін, жаңа трендтерге, талаптарға сай келетін еңбек нарығын реттеудің тиімді жүйесін құру аса маңызды. 5 жыл ішінде шамамен 3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылады», – деді А. Мамин.

Премьер-министр «Еңбек» ұлттық жобасы экономика салаларын сапалы бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс екенін атап өтті. Осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне биылғы 1 маусымға дейін 2021-2025 жылдарға арнал­ған «Еңбек» ұлттық жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды. Халықты жұмыспен қамту шараларын нысаналы топтардың проблемалары мен қажеттіліктерін ескере отырып бағыттау керектігі баса айтылды. А.Мамин «Еңбек» жобасының іс-шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ осы жылдың 1 шілдесіне дейін өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте жұмыспен қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге және тұрақты жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аудару қажет.

Елімізде жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-қадамында қарастырылған. Бұл шара жеке тұлғалар кірістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бе­реді. Тақырыпты талдау барысында мәлімделгендей, биылғы қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңес­тірілген адамдар үшін жал­пыға ортақ декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталды. 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды. 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, ал 2025 жылдан бастап азаматтардың барлық қалған санаттары тапсыра бас­тайды.

Бүгінде елімізде декларацияларды қабылдау бойынша электрондық сервистер: салық төлеушінің кабинеті (cabinet.­salyk.kz), «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» арнайы мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Жыл сайын электрондық базалар жетілдірілуде, сондықтан азаматтарға Қазақстанның мемлекеттік органдары мен банк­терінде тіркелген мүлкі мен активтері туралы мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ.

«Басталған жұмысты бекітілген мерзімдерге сәйкес орындап, жалпыға ортақ декларациялауды енгізу бойынша халыққа түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізу қажет», – деді А. Мамин.

Бетті дайындаған –

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

377 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы