• Спорт
  • 10 Маусым, 2021

«Дара» орденімен марапатталды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал шахматшы Жансая Әбдімәлікті қабылдап, Гибралтарда өткен ФИДЕ Гран-приінің төртінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Жүздесу кезінде ол Жансаяның және өзге де шах­мат­­­шы­ларымыздың халық­аралық деңгейдегі жетістігі елімізде аталған спорт түрінің тамырына қан жүгіртіп, қарқынды дамуы­на жол аша­тынын атап өтті. Министр А.Райымқұлова өз сөзінде жас шахматшының Орталық Азияда ерлер арасындағы гроссмейс­тер атағына қол жеткізген тұң­ғыш шахматшы қыз атануымен құттықтады. Өз кезегінде шах­матшы қыз қолдау көрсеткен барлық жанкүйеріне және Ақтоты Райымқұловаға қабылдағаны үшін алғыс айтып, алда бұдан да жарқын жеңістермен қуантуға тырысатынын жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан шахмат федерациясының пре­зиденті, Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов шахматшы қызымыз Жансая Әбдімәлікпен кездесіп, оны кәсіби жетістігімен жеке құттықтап, Шахмат феде­ра­циясының ең жоғары награ­даларының бірі – «Дара» орденін тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Гибралтардағы әйелдер ара­сындағы шахматтан Гран-при кезеңіндегі ойынының қоры­тындысы бойынша Жансая Әбдімәлік тарихи жетістіктің авторы болды. Бірде-бір ойында жеңілмеген шахматшы мәрте­белі жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық гроссмейстер атағын алған алғаш­қы қазақстандық, сондай-ақ Орталық Азия өкілі болды.
Б.Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ шахматшыға жаңа жетістіктер тіледі.

288 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы