• Қаржы
  • 10 Маусым, 2021

Зейнетақы активтері қайда жұмсалады?

Жыл басынан бері есептелген кіріс көлемі 488,5 млрд теңгені құрады. 2021 жылғы сәуірде Үлттық банк АҚШ мемлекеттік қағаздарына 485 млрд теңгеден астам зейнетақы активтерін инвестициялады, деп хабарлайды LS сайты. 

Иса ҚАМБАР

Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорының мәліметтеріне сәйкес, 1 мамырдағы жағдай бойынша активтер 12,6 трлн теңгені құрапты. БЖЗҚ портфеліндегі негізгі үлесті қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) алады, олардың ағымда­ғы құны 5,3 трлн теңгеге (42,03%) жеткен. 
«Өткен айда Ұлттық банктің ноталары 3,8 млрд теңгеге өтелді. Сонымен қатар шет мемлекеттердің МБҚ-ның ағымдағы құны 381,5 млрд теңгеге, 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Сәуір айында табыс­тылығы жылдық 0,04% болатын 485,04 млрд теңгеге АҚШ-тың қысқа мерзімді МБҚ сатып алынды», – деп атап көрсетеді БЖЗҚ өз сайтында. 
Бұдан басқа, өтеу мерзімі бір күннен екі айға дейінгі, орташа алынған кірістілігі жылдық 0,12% болатын 404,22 млрд теңгеге шет­елдік банктердегі салымдар орна­ластырылған. 
«ҚДБ-ның 41,11 млрд теңгеге еурооблигациялары сатылды. First Heartland Jysan Bank облигацияларын 17,96 млрд теңгеге өтеу жүзеге асырылды», – деп қосымша хабарлайды зейнетақы қорында. 
Сонымен қатар инвестиция­лық қызметтің нәтижесінде 2021 жыл­дың басынан бері есептелген кіріс мөлшері 488,52 млрд теңгені құраған. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 3,8%, инфляция – 2,7%. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,76%-ды құрапты (кесте). 
Айта кету керек, 2021 жылғы сәуірде Қазақстан Респуб­лика­сының Қаржы министрлігі 98 млрд теңгеге ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Сәуірде барлығы 12 облигация шығарылымы орна­ластырылған, олар 3 жылдан 13 жылға дейін өтеу мерзімі бар мем­лекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Бұлар бойынша орташа алынған кіріс жылдық 9,55%-дан 10,58%-ға дейін өскенін мәлімдейді ведомствоның Баспасөз қызметі. 
Қазақстан Республикасы Қар­жы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылы сәуірде 0,8%-ға төмендеп, 10 060,2 млрд теңгені құраған. Басқаша айтқанда, бұл – шетел валютасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарды есепке алмағандағы – теңгемен айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздар болып есептеледі.  
2021 жылы сәуір айының соңын­да кіріс көлбеуі (кестеде айқын аңғарылады) 2 жылдан астам сег­ментінде өскенін көрсетіп отыр. Демек, бұл бізде соңғы кездері өз нарығымызда өзіміздің құнды қағаздар қолданысқа кеңінен енгізіліп жатқанын да дәлелдесе керек (инфографика). 
2021 жылғы 1 мамырдағы жағ­дай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жи­нақтары 2021 жылғы қаңтар-сәуірде 330,9 млрд теңгеге немесе 2,56%-ға азайып, 12 583 млрд теңге болды, деп жазады Ұлттық банк өзінің  nationalbank.kz сайтында. 
2021 жылғы қаңтар-сәуірде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2021 жылғы 1 мамырда 6 029,4 млрд теңгеге дейін 476 млрд теңгеге ұл­ғайды. 
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зей­нетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы 1 мамырда 10,9 млн шот болған. 
2021 жылғы қаңтар-сәуірде зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,34 трлн теңге болды.
2021 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфе­лінің негізгі үлесі Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік бағалы қа­ғаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 42,4%-ы және 25,3%-ы) еншісінде екен.

95 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы