• Қазақстанда жасалған
  • 10 Маусым, 2021

Темір жол кластері жанданып келеді

Екібастұзда темір жол саласына қажетті бұйымдарды шығаруға маманданған кәсіпорындар өнімнің 80 пайызын экспортқа шығаруға дайын. Өлкеде темір жол жүйелері кластерінің ашылуы сала техникасын түпкілікті дамытып, тың дәрежеге көтереді.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

Құрылған 2012 жылдан бері темір жол өнеркәсібі кәсіпорындары бұйымдардың кең ауқымды жиынтығын шығаруда едәуір тәжірибе жинақтады. Олар ішкі қажеттілікті толық қамтумен қатар, экспорттық бағытты да игеруде.

Индустрияландыру бағдарла­масын, жеке инвесторлар қаражатын қосқанда, өндірісті дамытуға жалпы құны 110 млрд теңге инвестиция салынды. Қазірде Екібастұздың өнеркәсіптік кластерін құрайтын 5 кәсіпорын жылына 200 мың темір жол дөңгелектерін, 300 мың темірбетонды шпалдарды, 42 мың темір жол осьтерін, 20 мың дөңгелек жұбын, 850 бағыттама білеулер жиынтығын және 3 млн рельстік бекіткіштер шығарады. Кәсіпорындардың импортты алмастыру бойынша жұмыстарының нәтижесінде бұған дейін тек шетелден импортталып келген темір жол бөлшектері енді өзімізде шығарыла бастады. Соңғы жылдары тапсырыстар болмай, жұмысы тұралап қалған бірнеше зауыт темір жолға қажет өнімдерді шығаруға қайта кірісіп жатыр. Екібастұз қаласының әкімдігі жергілікті кәсіпорындар мен облыстағы, елдегі тапсырыс берушілер арасында байланыстың дамуына ықпал етуге тырысуда. Темір жол дөңгелектерін өндіретін «Проммашкомплект» соңғы екі жылда 215 мыңға жуық дөңгелек шығарып, отандық және шетелдік компанияларға жөнелтті. Темір жол осьтері мен дөңгелек жұптарын өндіретін «RWS Wheelset» ЖШС жұмысын жалғастырып жатыр. Биыл кәсіпорын Петропавлдағы «Зиксто» АҚ үшін 10 мың дөңгелек жұбы мен Қазақстан вагон жасау компаниясына 4 мың дөңгелек дайындап береді. Бағыттамалы бұрмаларға арналған керілген білек шығаратын «RWS Concrete» ЖШС ағымдағы жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ-тан тапсырыс алып, өндірісті қайта іске қосты. Компания шпалдар шығару ісіне кірісуде, ол үшін өндірісте ита­лиялық автоматтандырылған желі жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ «FerroTransTrade» ЖШС жуырда серпімді клемма өндірісін ашады. Темір жол рельстерін бекітуге қажет бұл бөлшек елімізде әзірше шығарылмайды. Жаңа өндірісте 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Темір жол кластері рельсті бекітуге арналған жиынтықтармен де толыға түседі. «R.W.S. Binding» ЖШС шілде айында бұрандалы шегелер мен ұстатқыштарды шығара бастайды. Рельсті бекітуге арналған барлық бес элемент отандық мазмұнда жасалып, автоматты инновациялық технологиялар сапалы өнімге қол жеткізеді. Сондай-ақ 2024 жылы кластер шеңберінде таңғыш, тағаланған бұйымдарды шығаратын «Railcast Systems» жаңа кәсіпорнын ашу жос­парлануда. Жобаға 70 млрд теңге инвестиция салынған. Өндірістік кешен жыл сайын локомотивтерге арналған 54,5 мың бастапқы құрсау­ларды, үлкен тісті дөңгелектерге арналған 27 мың бланкілерді және 20,5 мың дана тағаланған бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс қуаттылығын арттыру қосымша 160 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Бүгінде «Проммашкомплект» се­рік­тестігінде дөңгелектердің барлық түрлерінің стандарттарға сай келетін өндірісі жолға қойылып, енді Еуропа нарығына шығаратын сертификат алу үшін жұмыстар жүруде. Конструкторлар жоғары жылдамдықты темір жол көлігіне арналған дөңгелектердің түпнұсқасын жасап шықты. Сонымен қатар зауыт жылына түрлі үлгіде 200-300 мың дөңгелек шығару үшін өндірістік қуаттылықты арттыруда. Кәсіпорынның техника­лық мүмкіндіктері сапалы, қауіпсіз, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, уақытты, ресурсты үнемдеумен тұты­нушылар сұраныстарына тез жауап беруге қабілетті болады. «Проммашкомплект» дөңгелек жұптары Мәскеу метрополитенінде қолданылады. 
Ендігі кезекте дөңгелектер өнді­рісін жаңғырту: қосымша кескіш кешенін орнатуды; өнімділікті арттыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту мен өзектендіруді; сақиналы, қатайту, шындау пештерін жаңартуды; қосымша электр көпірлі кранын; дөңгелектерді өңдеу үшін қосымша өңдеу; арнайы элементтерді өңдеуге арналған қосымша орталық орнатуды; энергиямен жабдықтау жүйелерін; өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетіл­діруді қамтиды. Жаңғырту аяқ­талғаннан кейін өндірілетін дөңге­лектердің көлемі жылына 300 мыңға дейін артады. 2200 жұмыс орны құрылса, олардың саны өндірістің кеңеюімен үнемі өсіп отырады. 

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы