• Инфрақұрылым
  • 10 Маусым, 2021

Цифрлық төлемдер саласындағы жаңа тәжірибе

Елімізде мобильді қаржы сервистерімен біріккен алғашқы цифрлық төлем картасы пайда болды. Simply атауымен Beeline-ның еншілес компаниясы  шығарған бұл бірегей өнім цифрлық қаржы сервисі болып табылады. Клиенттің телефон нөмірімен байланысты болатын бұл мобильді қосымша – оның электронды әмияны және Visa Platinum премиалды цифрлық картасы. Осылайша, телекоммуникациялық және банктік қызметтерді бір платформада біріктіре отырып, Beeline компаниясы өз клиенттеріне инновациялық әрі прогрессивті шешім ұсынды.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ 

Жаңа цифрлық қызметті қосу үшін клиент өз смартфонына Simply қосымшасын жүктеп, оған телефон нөмірін тіркеп, жеке куәлігін немесе паспортын қолданып, сәйкес­тендіруден өтуі қажет. Қызметке қосылу, жылдық қызметі және әмиянды ашу – тегін, сондай-ақ Simply-дің барлық қолданушылары үшін қаражатты салу да пайызсыз. Тағы бір айта кететін жайт, әмияннан Simply әмиянына ақша аудару және ҚР шығарылған банк карталарына да аударымдар комиссиясыз қолжетімді, деп хабарлайды  Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі. 
Аталып өткен осы артықшы­лық­тарымен қатар жаңа қаржы қыз­метінің көмегімен Simply цифр­лық картасын қолдана отырып, әр төлемнен 1,5% басталатын бонус алуға болады. Клиенттерге барынша ыңғайлы болу үшін компания Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay цифрлық әмияндарымен интеграция жасаған. Контактсыз төлем жасау барысында осы технологияны қолданғанда да клиентке 3% көлемінде бонус түседі. Стандартты бонустармен қатар клиенттер 5% және 10% көлемінде жоғары бонустар ала алады.  Жоғары бонустар нақты санаттағы төлемдерге беріледі (мәселен, Duty Free мен зоодүкендерде 10% және 5% маусымдық бонустар). «Beeline Қазақстан нарығына бірегей жаңа буын өнімін ұсыну арқылы мобильді қаржы қызметтердің жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз ТМД-ғы банктік емес ұйымдардың ішінде Visa Platinum картасын шығару құқығын алған, Visa-ға тікелей мүшелік алған бірінші компаниямыз. Енді біздің клиенттеріміз нақты бір банкке тәуелді болмай, еркін жүре алады. Клиенттік тәжірибені зерттей келе, сондай-ақ нарыққа қа­жетті инновациялық шешім ұсына отырып, компания өз клиенттеріне үздік өнімдік шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді», – дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Simply – Қазақстандағы алғаш­қы мобильді необанк. Оның бас­ты идеясы – клиент смартфонына үздік өнімдік шешімдер мен клиенттік тәжірибені жинақтау. Beeline Қазақстанның MFS дамыту жөніндегі директоры Сергей Головань  өз сөзінде атап өткендей, жаңа қаржы қызметінің басты ерекшелігі – қарапайымдылық, тиімділік  және  қауіпсіздік. Мұнда бөлімшелер жоқ және болмайды, яғни бөлемшелерге кететін шығын да жоқ. Сондықтан жаңа банк өз өнімін Simply мобильді қосымшасында қолданғаны үшін клиенттерге нарықтағы үздік шарттарды ұсына алады. «Үздік шарттардың ішінде төлемнен қайтатын 10%-ға дейін cashback, клиенттің тіркелгені үшін оған берілетін сәлемдеме бонустар, бағасы біздің жобамызбен бірге өсетін бонустарды есептеу мен жұмсаудың бірегей бағдарламасы бар. Сондай-ақ Simply-дің әрбір клиентіне Visa Platinum премиалды картасы тегін шығарылады. Аталған карта Қазақстан Республикасында да, шетелдік сапарларда да клиенттерімізге жақсы серік болады. Танымал брендтердің жеңілдіктерінен бастап, әуежайда lounge-ға тегін кіруге дейін премиал­ды артықшылықтарды береді. Тек Simply клиенттеріне қолжетімді тағы бір артықшылық – картаңызға сіздің телефон нөміріңіз енгізіледі, сондықтан оны ұмытпайсыз әрі керек-жарағыңызды онлайн сатып алған кезде де еш қиындықсыз қолдана бересіз. ТМ Beeline абоненттері өздерінің цифрлы карталарын мобильді теле­фонның теңгерімімен байланыстырып, оны Simply картасымен емін-ер­кін қолдана алады», – дейді ол. 
Beeline өз серіктестеріне төлемдік инновация саласындағы ғаламдық тәжірибені және Visa технологияларын қолжетімді ете отырып, бизнеске клиенттердің қажеттіліктерін ең жоғары дейгейде қанағаттандыратын үздік шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. «Beeline-ның мобильді қар­жы қызметімен біріккен Simply Visa Platinum цифрлық картасын шығару – бұл Қазақстандағы финтех экожүйесін дамытудағы тағы бір маңызды қадам әрі тұтынушылар үшін цифрлық төлемдер саласындағы жаңа тәжірибе. Біз Beeline-ға қолдау көрсетуге қуаныштымыз, Simply Visa Platinum картасының келешектегі дамуы зор екеніне сенеміз», – дейді Оңтүстік-Шығыс Еуропа және ТМД елдері мен Украинадағы стра­тегиялық серіктестік, финтех және бірлескен жобалар депар­та­ментінің басшысы, аға директор Евгений Лесняк.

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы