• Бизнес & Қоғам
  • 10 Маусым, 2021

Бизнес мәселелері байыпталды

Премьер-министр Асқар Мамин «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді.  

Жиында жеңілдікті несие беру бағдарламалары мониторингінің нәтижелері, ауыл шаруашылығы және қаржыландыруға қолжетімділік саласындағы бизнестің жүйелі проблемалары, мемлекеттік сатып алулардағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту, микроқаржы ұйымдары мен Өңірлердің экономикалық картасы мәселелері қаралды. 
БЖК-2025 бағдарламасын іске асырудың оң қарқыны байқалуда. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 169 млрд теңге сомасына 1688 жоба субсидияланды, оның аясында 6235 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар «Даму» қоры 8348 жоба үшін жалпы сомасы 109,3 млрд теңге кепілдік берді. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша бүгінде 692,8 млрд теңге сомасына 2935 жоба мақұлданды, 594,6 млрд теңге сомасына 2333 жоба субсидияланды. Ауыл шаруашылығын қолдау мемлекеттік институттарының субьектілік цифрлық мониторингі бойынша жұмыс жүргізілді. Биыл 137,2 млрд теңге сомасына 5811 жоба несиелендірілді. Жалпы, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға шамамен 375 млрд теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 4 айында 1827 отандық тауар өндіруші үшін жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік қамтамасыз етілді. Тауарларды сатып алу бойынша жергілікті қамтудың ең жоғары үлесіне Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында қол жеткізілді. Отырыста өңірлердің экономикалық картасын өзектендіру бойынша жұмыс қорытындысы шығарылды. 
А.Мамин ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Өңірлердің экономикалық картасын өзектендіруді, өндірістік секторға баса назар аудара отырып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жетілдіру мәселелерін пысықтауды, реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз етуді, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімі шеңберінде отандық өндірушілердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Бетті дайындаған – 
Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

111 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы