Басшылық

 

Ахас Қайырұлы Тәжутов 1955 жылы 25 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын бітірген. 1982-1983 жылдары КСРО Бүкілодақтық Авторлар құқығы қауымдастығының Қазақ бөлімшесінің кеңесшісі. 1984-1986 жылдары Науаи электр-химия зауытында шетелдік мамандардың аудармашысы. 1986-1987 жылдары «Советский Казахстан сегодня» журналының редакторы. 1987-1992 жылдары «Арай-Заря» журналының шолушысы. 1992-1993 жылдары ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі бас басқармасы бастығының орынбасары. 1993-1994 жылдары «Алдаспан» шығармашыл жастар қауымдастығының консультанты. 1994-1995 жылдары «Караван» АҚ «Аруана» газетінің тілшісі. 1995-1996 жылдары «Время-Дәуір» газетінің бас редакторы, Қазақстанның халық бірлігі партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1996-1997 жылдары «Новое поколение» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, «Түркістан» газетінің шолушысы. 1997-1998 жылдары ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі басшысы - баспасөз хатшысы. 1998-2000 жылдары «Сөздік-Словарь» баспасының бас редакторы. 2000-2002 жылдары «Сорос-Қазақстан» қорының бағдарлама үйлестірушісі, «Түркістан» газетінің шолушысы. 2002-2004 жылдары «Мегаполис» талдама орталығының жетекшісі, «Мегаполис» газеті бас редакторының орынбасары. 2004 жылы «Асар-заманы» газетінің бас редакторы. 2004-2005 жылдары «Central Asia Monitor» газеті бас редакторының орынбасары. 2005-2006 жылдары «Апта.kz» газетінің бас редакторы. 2006 -2018 жылдары «Экономика» газетінің бас редакторы. 2018 жылдан «Tenge Monitor» газетінің бас редакторы.

 

Сағынбекова Рымтай Көкенайқызы 1961 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген. 1979 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журанлистика факультетіне түсіп, оны аяқтаған. 1984 -1990 жылдары Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы міндетін атқарған. 1990 жылы Қарағанды аймақтық жастар газетінде, 1991-1994 жылдары «Өркен» – «Горизонт» апталығында экономика бөлімінің редакторы, 1994-1996 жылдары «Халық Кеңесі» газетінің заң бөлімінде тілші болып жұмыс істеген. 1996-2004 жылдары «Түркістан» газетінде экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінің редакторы, 2004-2009 жылдары Халықаралық және саясат институтында аудармашы-редактор, ақпараттық-баспа бөлімінің бас редакторы, «Закон и время» журналы редакторының орынбасары болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Tenge Monitor» газетінде бөлім редакторы.

 

Бөрібаева Ботагөз Әбдірейқызы

1972 жылы 5 наурызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келді. 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы бітірді.

1997-2001 ж.ж. Халықаралық «Түркістан» газетінде аға-тілші, 2002-2008 ж.ж. ҚР Жоғарғы соты мен Судьялар одағының «Заңгер» журналында жауапты редактор қызметтерін атқарды.

Қазіргі таңда «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Tenge Monitor» газетінде бөлім редакторы болып қызмет етеді.

Мақалалары түрлі басылымдарда жарияланған.