Біз туралы

 «TENGE MONITOR» газеті

Алғаш жарық көруі: Республикалық «Tenge monitor» газеті 2018 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстандағы тұңғыш апталық экономикалық басылым ретінде қазақ және ағылшын тілінде жарық көріп келеді. Ол басқа да қажеттіліктермен бірге негізінен қазақ тілді оқырмандардың экономикалық сипаттағы ақпараттарға деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Еліміздің ақпарат кеңістігінде бұл тұс іс жүзінде осы күнге дейін бос тұрған еді. Сол себепті де газет уақыттың өзі қойған талапқа сай өмірге келді.

 «Tenge monitor» газетінің негізгі мақсаты – еліміз аймағында болып жатқан экономикалық жаңалықтарды қазақ тілінде қарапайым да ұғынықты тілмен жеткізу, отандық экономиканың сан-саласы – ауылшаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, қаржы саласы, тұрғын үй және т.б. секторлардағы ұнамды өзгерістер мен түйткілді мәселелер жайында мамандардың, сарапшы ғалымдардың пікірлерін жалпы жұртшылыққа жеткізіп, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге, сол арқылы халықтың экономикалық ой-түсінігінің өсуіне қызмет ету.

Таралымы: Бүгінгі таңда газеттің 5000–дай оқырманы бар.Төрт түрлі түспен, 8 бет А3 фарматпен басылуда.

Бас редакторы туралы: Газет алғаш жарық көрген күннен бастап оның бас редакторы қызметін белгілі журналист, бірнеше шет тілдің маманы Нұржан Қуантайұлы атқарып келеді.