• Қаржы
  • 14 Тамыз, 2014

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

Бір жыл жарым бұрын ашылған «Astana Solar» күн батареяларын өндіретін зауыт бүгінде жылына 50 МВт дайын өнім шығарады. Астана әкімдігі сайтының мәліметіне қарағанда, зауыт сертификаттаудан өткен және халықаралық нарыққа шығуға дайын көрінеді.

Елордада екі жылдан бері фотоэлектрлі модульдер шығаратын «Astana Solar» зауыты жұмыс істеп тұр. Ол еліміздегі технологиялық ҚазPV жобасы аясында баламалы энергия түрлерін шығарады. Ал, жаңа өнімдерге шикізатты түгелдей Қазақстан кремнийінен алады.
Зауыт өз жұмысын 2012 жылы бастаған. Өндіретін негізгі өнімі – фотоэлектр тақташалары. Яғни, күн сәулесін электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Әсіресе ол электр желілерінен шалғайда жатқан аймақтар, жарық жиі сөнетін өндірістік нысандар мен шаруа қожалықтары үшін таптырмас дүние. Қазір зауыттың төрт өндірістік бригадасында 200 жуық адам жұмыс істейді. Алда олар ЭКСПО көрмесіне қатысып, өз жобаларын көрсетпек. Сонымен қатар өз өнімдерін шет елдерге шығаруды да жоспарлап отыр.

Ыбрай ЕМЕНДӘУЛЕТ

 

570 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы