• Қаржы
  • 14 Тамыз, 2014

СЕМЕЙДЕ АШЫЛҒАН ЖАҢА ЗАУЫТ

Шағын тікұшақтар шығарумен шұғылданады

Қазіргі техникалық прогресс заманында ештеңеге таң қалмайтын болдық. Бұрын рас, бәрі таңсық болатын. Әуе көліктері мамандарының айтуынша, неше түрлі маркадағы ұшақтар мен тік ұшақтарды шетелдерден сатып алып, тұтынып келгеніміз өтірік емес. Оның өзінде бағасы удай қымбат ондай техникалардың жарамдылық сапасы тым төмен болатын. «Кісідегінің кілті – аспанда» дегендей, шетелдік компаниялар қайбір тәуір дүниесін бере қойсын? Жөндеп, құрастырып дегендей, ылажға жарап жүрген әуе көліктері әр аймақта жиі ұшырасады.

Әуе көліктерін жасап шығару ісімен шұғылданатын кәсіпорындардың Қазақстанда да пайда бола бастауы осындай тығырықтардан шығудың амалы екендігі даусыз. Оның үстіне жаңадан дүниеге келген Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының жақсы нышандары елімізде айқын байқала да бастады. Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы жаңа интеграциялық жоба бізге экономикалық тиімділігімен де етене жақын  болып отыр. Бүл одақ біртұтас экономикалық кеңістіктің кеңеюіне де елеулі ықпал етуде. Әсіресе, өндірістік салаларда елеулі серпіліс бар.
Жағымды жаңалыққа ел құлақ түргіш келеді ғой. Жақында Семей қаласында жерге тік қонуға ыңғайлы арнайы ұшақтарды шығаратын зауыт іске қосылды. «Үй үстінен үй тіксе» қуанатын әдет емес пе?! Қала халқы бұған да бір жасап қалды. Семейден шыққан әуе көлігі өз қүрылымы жағынан басқа да тікұшақтарға ұқсайды. Бұл көліктің түрін шығарумен «Ғіу Эйр Азия» ЖШС айналысуда.
Зауыттың алғашқы аяқ алысына сүйсінгендер көп. Жаңа кәсіпорында әзірше 7 адам  жұмыс істейді. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін, мамандардың қатары көбеюі мүмкін. Ал, зауытта жұмыс көлемі кеңейіп келеді. Бүгінде екі шағын тікұшақ жинақталып, дайындық сапына қойылған. Шағын тікұшақтардың құрамдас бөліктері негізінен Польшадан жеткізілуде. Іскерлік байланыста еш мін жоқ.
Бұл тікұшақтар халық арасында «автожир» деген атпен белгілі екен. Әсіресе, ол таулы аймақтарда аса қолайлы. Ондай жерлерге тікұшақтардың бәрі бірдей қона алмайды. Ал мына Семей зауыты құрастырып отырған автожирлерге таулы аймаққа қону еш қиындық туғызбайды, еркін ұшып-қонып жүре береді. Жаңа тікұшақтың техникалық сипаты да өзгеше. Ол 30 градустақ аязға төтеп бере ала­ды. Сағатына 18-20 литр жанар-май жағып, жылдамдығын 210 шақьрымға дейін арттыра алады.
Мұндай техниканың барлық салалар үшін аса қажеттілігі осыдан-ақ белгілі ғой.
Ибрагим  Бекмаханұлы

839 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы