• Бизнес & Қоғам
  • 08 Желтоқсан, 2011

Биогенді судың беймәлім пайдасы Мақпал САҒЫНДЫҚ

Егемен еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңімен тұспа-тұс келетін бұл кәсіпорынның тарихы жергілікті аймаққа бұрыннан таныс. Көкшетау қаласындағы салық түсімінің 40 пайызын, республика бойынша алкогольді өндіріс салығының 35 пайызын қамтып отырған «Көкшетауминералдысулары» ЖШС - солтүстік аймақ индустриясының дамуына ерекше серпін беруде. Кәсіпорынға орнатылған заманауи құрал-жабдықтар арқасында өнімнің өсімі көбейіп, тиімділік деңгейі арта түсуде.

2009 жылы аталмыш кәсіпорынның қолдауымен Астана қаласының 77 білім ошағы мен 36 балабақшасында «Балаларға шаттық сыйлар биогенді су» атты жоба жүзеге асқан-ды. Елеулі шараның Елорда төрінен бастау алғанын кәсіпорынның вице-президенті Евгений Пятов: «Көкшетауда отырып, жұмысты Астанадан бастауымыздың басты себебі, бұл қала – жасампаздық пен игі істердің жаршысы. Кәсіпорын қызметін Елордада дамыта отырып, ел өркениетінің өрістеуіне үлес қосу болмақ», - деп түсіндірген болатын.

Бүгінгі уақытта Солтүстік пен Орталық Қазақстанда кәсіпорынның 10 филиалы, Оңтүстік және Батыс Қазақстанда 9 дестрибютерлік желісі жұмыс істейді. Сонымен қатар, отандық компания Ресейдің сауда өкілділігімен келісімшарт негізінде бірлесе еңбек етуде.

Зеренді ауданына қарасты Кеңөткел жерасты су қорынан адам денсаулығына пайдалы физиологиялық толыққанды су алынады. Заңды түрде рұқсаттамасы бекітілген бұл табиғи сулар халыққа - «Тұран», «Құлагер Арасан», «Хаома» деген маркада өндіріледі. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында былтырғы жылы кәсіпорында Германияның Krones алкогольсіз сусындар желісі іске қосылған еді. Пайдалануға берілген жаңа технологияның өнімділігі сағатына 12 000 құтыға тең. Тұтынушыларына 61 сусын және 43 алкогольді өнім ұсынып отырған «Көкшетауминералдысулары» ЖШС бүгінде еліміздің беделді кәсіпорынына айналды. Фирма қызметкері Е. Пятковтың сөзіне қарағанда, ол ауыз судың қауіпсіз және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуымен қатар, құрамында микроэлементтердің болуы керектігін тұжырымдайды. Себебі бұл химиялық қосынды адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндігі түсінікті. Табиғи қоспаларға бай минералды суларды күнделікті пайдалану барысында адамның көңіл-күйі мен ұйқысы,асқа деген тәбеті жақсарып, қаны қысымы, асқазан-ішек жолдарының қызметі қалыпқа келетіндігін шетел ғалымдары зерттеу барысында көз жеткізген.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 1500 қызметкер еңбек етеді. Адамзаттың өмір сүру қағидасын жақсартуды мақсат еткен кәсіпорын білікті мамандарының табанды еңбегінің арқасында өнімнің 100-ден аса түрін нарыққа шығаруда.

567 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы