• Қаржы
  • 20 Тамыз, 2014

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 24 маусымдағы отырысының қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) [1] кезекті отырысы 2014 жылғы 24 шілдеде өтті. Күн тәртібінің шеңберінде Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есепті дайындау практикасын одан әрі жетілдіру және банктердің капиталына қойылатын ең төменгі талаптардың алдағы уақытта көтерілуі мәселелері қаралды.

 

Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп мәселесі бойынша

 

Қаржылық тұрақтылық туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) шамамен әлемнің 90 елінің орталық банктері шығаратын, экономика мен қаржы секторының жүйелік тәуекелдеріне кешенді талдау жасайтын талдамалық құжат болып табылады. Қазақстанда Есепті 2006 жылдан бері жылына бір Ұлттық Банк шығарады және қаржы секторы мен басқа да мүдделі тұлғаларды, Ұлттық Банктің пікірінше, ерекше көңіл бөлуді және, тиісінше, тиісті реттеу саясатын түзетуді талап ететін тәуекелдер туралы хабардар етуге бағытталған.

 

Ұлттық Банк негізгі шешімдерді сапалы теориялық  және  практикалық  жағынан негіздеуге деген өсіп отырған сұранысты ескере отырып, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін жариялаудың ауқымын кеңейтіп, Ұлттық Банктің қаржы нарығына  қатысушылармен  ынтымақтастығы деңгейін тереңдететін  болады. Осыған  байланысты Есепті дайындау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Кеңесте үздік халықаралық практиканы, сондай-ақ отандық қаржы нарығына қатысушылардың ұсыныстары ескеріле отырып, осы құжат бойынша жаңа жұмыс форматы ұсынылып,  және жалпы алғанда қолдау көрсетілді.

 

Бұл жаңалықтар:

 

– Есепті дайындау және шығару кезеңін өзгертуді – тәуекелдерді талдаудың 9 айлық кезеңінен 12 айлық форматына ауысуды;

 

– қаржы нарығының сарапшыларын талдаудың проблемалық мәселелерін қалыптастыру  процесіне  тартуды, экономика мен қаржы секторының неғұрлым  маңызды  тәуекелдерін айқындауды, олардың  маңыздылығы  мен  іске  асырылу ықтималдылығы дәрежесін талқылауды;

 

– Кеңес  алаңында Есептің талдау және қорытындылау нәтижелерін алдын ала  және түпкілікті талқылауды көздейді.

 

Жеке талдамалық ақпаратты қамту кезеңі үлкен Есептің, атап айтқанда тәуекелдерді («Тәуекелдер картасы») кешенді бағалау, банк секторын стресс-тестілеу нәтижелерінің, қаржы нарығындағы кредиттеудің негізгі факторлары мен үрдістерінің талдауы (Англия «Trends in Lending» Банкінің және әлем елдерінің басқа орталық банктерінің осындай жариялымдары сияқты) негізінде дайындау мәселелері пысықталатын болады.

 

Қаржы нарығының өкілдері Есепті одан әрі талдау және дамыту бағыттары  бойынша мынадай ұсыныстар білдірді:

– бизнес үшін кредит ресурстарының қолжетімділігі мәселелерін қоса алғанда, нақты (негізінен шикізат емес) секторды қаржы секторының дамуымен өзара байланыстыра отырып талдауды тереңдету;

– қалыптастырылатын нормативтік құқықтық базаның, оның ішінде реттеудің қарсыциклдылығы тұрғысынан, қаржы секторының ағымдағы жай-күйіне және болашақтағы даму перспективаларына (кредиттік белсенділік, өтімділік және т.б.) ықпалын талдау және бағалау.

2014 жылғы Есептің кезекті шығарылымы 2015 жылғы сәуір-мамыр айларында дайындалып, жарияланатын болады.

Екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруды арттыру бөлігінде

Кредиттеудің ІЖӨ-дегі үлесін арттыру, тұтынушылардың қаржылық қызметтермен қамтылуын кеңейту, мобильді банкинг пен банктердің интернет қызметтерін қоса алғанда, жаңа жоғарытехнологиялық қаржылық қызметтерді дамыту және олардың құнын төмендету, Базель ІІІ стандарттарына көшу қосымша инвестициялар мен банк жүйесін капиталдандырудың жоғары деңгейін талап етеді.

Кеңес аталған мақсаттарды іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды 100 миллиард теңгеге дейін көтерудің тәсілдерін қарастырды.

Ынталандыру шарасы ретінде екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталын ұлғайту 5 жылдық ауыспалы кезең ішінде көзделеді. Сонымен қатар Ұлттық Банк депозиторлардың мүддесін қорғау үшін тұрғындардың тартылатын депозиттерінің көлеміне екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының деңгейіне барабар лимит белгілейтін болады.

Банк секторын капиталдандыруды арттыру жөніндегі шаралар кешені банк секторын шоғырландырумен, ұлттық шекара шеңберінде және Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде Қазақстан банктерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартумен қатар жүргізілуге тиіс.

Сонымен қатар екінші деңгейдегі шағын және орта банктер банк қызметін, оның ішінде Ұлттық Банк белгілеген лимиттер шегінде жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау бойынша қызметін жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалады.

Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруды арттыру жөніндегі көрсетіліп отырған шараларын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ қолдады.

 


[1] Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы толығырақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсының (www.nationalbank.kz) «Қаржылық тұрақтылық» бөлімінде

Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 2 704 639,   E-mail: press@nationalbank.kz (www.nationalbank.kz)

Сәуле Ынтықбаева

 

603 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы