• Қаржы
  • 20 Тамыз, 2014

2014 жылғы 1 тамызға қызмет қорытындысы туралы

Ағымдағы жылдың 1 тамызында шарттардың барлық түрлері бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 9 997 158 бірлікті (алдыңғы аймен салыстырғанда +49 915), зейнетақы жинақтарының сомасы – 4 254,28 млрд. теңгені (74 млрд. теңгеге өскен) құрады. Жылдың басынан бергі таза инвестициялық табыс – 172,76 млрд. теңгені (25 млрд. теңгеге өскен) құрады. Зейнетақы төлемдерінің сомасы – 45,87 млрд. теңге (7,06 млрд. теңгеге өскен).

 

 

 

Өңірлік желі

 

2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның өңірлік желісі 238 қызмет көрсету офистерінде көрініс тапқан. Қордың өңірлік желісіне әрбір облыс орталығында, республикалық маңызға ие қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облыс қарамағындағы ірі қалаларда (Жезқазған, Семей) бір-бірден барлығы 18 филиал кіреді.   Филиалдар жанынан 24 бөлімше және 196 Қызмет көрсету орталығы ашылды. Екінші жартыжылдықта БЖЗҚ салымшыларға қызмет көрсететін тағы бірнеше бөлімше ашуды жоспарлап отыр, атап айтқанда, бұрын-соңды ЖЗҚ сервистік орындары болмаған Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қарағанды облысының Ұлытау ауданында.

 

Барлық филиалдар мен көптеген қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 8-ден бастап кешкі сағат 19-ға дейін үзіліссіз және сенбі күндері таңғы сағат 9-дан күндізгі сағат 13-ке дейін жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс күндері сағат 9-дан сағат 18-ге дейін ашық.

 

БЖЗҚ үнемі қызмет көрсету офистеріне мониторинг өткізіп, салымшылардың (алушылардың) әрекеттегі

 

БЖЗҚ жұмыс істеп жатқан қызмет көрсету кеңселеріне үнемі мониторинг жүргізіп, салымшылардан (алушылардан) түскен өтініштер саны бойынша тарихи деректерді сараптайды, сондай-ақ БЖЗҚ қызмет көрсету орындарының санын оңтайлы әрі тисінше қызмет көрсетуге қабілетті ету жолында үнемі жұмыс істей отырып, кеңселерге түсетін жүктеме бойынша болжам жасайды.

 

 

 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы

 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шартқа отыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 01 тамызындағы жағдай бойынша салымшылардың осы санаты үшін 308 316 ЖЗШ ашылған (+9,5мың). Жылдың басынан бергі МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 12 млрд. теңгеден асып түсті.

 

 

 

БЖЗҚ ұсынатын жаңа қызметтер туралы  

 

2014 жылдың шілде айынан бастап салымшылар электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, өз жинақтарын тексере алады. Бұл жерде сөз азаматтар ХҚО-дан электрондық үкімет (e-gov) порталында пайдалану үшін алатын ЭЦҚ туралы болып отыр.

 

Сондай-ақ салымшыларға неғұрлым қолжетімді және хабардар болуды қамтамасыз ету, соның ішінде e-gov порталы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) арқылы қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.  БЖЗҚ-ның салымшылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы электрондық форматтағы ақпарат беру жөніндегі қызметін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу мәселесі тиісті министрліктермен және ведомстволармен келісімделіп, ҚР Үкіметіне бекітілуге берілді. БЖЗҚ-ны e-gov порталына ағымдағы жылы қосу жоспарланып отыр.

 

 2014 жылдың мамыр айында БЖЗҚ Android, iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Шілде айында Windows Phone үшін қосымша жасалды. Пайдаланушылар үшін ол өз қызметі жағынан алдыңғыларға ұқсас, яғни, ол арқылы салымшылар (алушылар) онлайн режимінде өз зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелерін қарап, жақын орналасқан филиал немесе call-орталықпен байланысқа шығып, БЖЗҚ туралы жаңалықтар алу мүмкіндігіне ие. Осылайша, енді барлық атақты смартфондар иесі болып табылатын салымшылар ENPF қосымшасын тегін жүктей алады. ENPF мобильдік қосымшасын енгізген сәттен бергі үш ай уақыт ішінде iPhone-ға 4000-нан аса,   Android-қа 3000-нан аса жүктеу жасалған. Windows Phone қосымшасының қызмет еткен бір айдан кем уақыт ішінде 600-ден аса жүктеу жүзеге асырылды.

 

 

 

 

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес, міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын тартумен айналысады; зейнетақы жинақтарын төлеуді және зейнетақы активтері мен инвестициялық портфельді есептеуді жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады және бұған дейін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлініп кеткен барлық зейнетақы активтерін жинақтайды.

 

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару инвестициялық декларацияға сай іске асырылады. Сонымен қатар, инвестициялық шешімдер БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесінің (консультативтік – кеңесші орган) ұсыныстарына, соның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес қабылданады. Кеңестің дербес құрамын мемлекет басшысы бекіткен. 

 

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу шараларын аяқтау қорытындысы бойынша инвестициялық портфельге талдау жасау және оны нарықтық құнға келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.    

 

 

 

 

 

БАҚ үшін байланыс көздері: marina_a@enpf.kz, teplih_m@enpf.kz, a.kuanov@enpf.kz

 

Асан КУАНОВ

450 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы