• Қаржы
  • 21 Тамыз, 2014

Табиғи монополиялар субъектілері – мемлекеттік сатып алу саласында

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу өнім берушінің таңдауын және табиғи монополиялар субъектілерінен реттелетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін осы заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.

Бәсекелестік туралы заңнамаға сәйкес, табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үстем үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы монополиялық жағдай болып танылады.
Мұнымен қоса, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру практикасында табиғи монополиялар субъектілері секілді, үстем жағдайға ие нарық субъектілерімен мемлекеттік сатып алу туралы заң нормаларын қолданбай шарт жасасу фактілері бар. Сонымен қатар, бәсекелестік туралы заңнамаға сәйкес, тиісті тауар нарығындағы үлесі 35 және одан жоғары пайызды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем жағдай болып танылады.
Аталған нормалардың негізгі мән-мағынасын саралай келе, заңнаманың табиғи монополиялар субъектілері мен нарықта басымдық жағдайға ие субъектілері ұғымын бөлек субъектілер ретінде нақты айқындайтынын көреміз. Сәйкесінше, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанда, ҚР бәсекелестік туралы заң нормаларын басшылыққа алу қажет. Өйткені, Заңның 4-бабының 1-тармағының 26-тармақшасындағы нормалар тапсырыс беруші мен табиғи монополиялар субъектісінің қарым-қатынасын реттейді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 2-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және ҚР Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы заңнан және басқа да Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінен құралады.
Бақыт Мұқажанова,
Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау  инспекциясының №3 бақылау бөлімінің басшысы

 

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы