• Бизнес & Қоғам
  • 08 Желтоқсан, 2011

БІЛІКТІ БРИГАДИР Батырбек МЫРЗАБЕКОВ

Оңтсүтік жезқазған кенішіне бару онша қиындық туғызбайды. Кеншілер қаласының оңтсүтік жақ сыртында бой көтерген Кеніш ғимараты сонадайдан көз тартады. Қаладан едәуір қашықта жатқанменен де барып — келу оңай. Бозала таңнан бастап кеншілер қаласынан арнаулы жұмысшылар тасуға бөлінген автобустардың ішінен терезе тұсында ОЖК-65 шх — деген жазуы бар көлікке отырсаңыз болды, адаспай оңтүстік кенішіне топ ете қаласыз. Бізге бағыт айтқан жігіт ағасының жол сілтеуінен кейін ертелетіп тұрып, кеншілер көлігіне келіп аяқ арттық. Жүйткіп келе жатқан көліктің іші толған кеншілер. Кілең бір келкі жастағылар бір-бірлеріне әзілдері жарасып, емен жарқын сөз тастап қауқылдасып келеді. Бір-біріне бауыр басып, бірнеше жылдардан бері аралас-құралас болып, жер астында маңдай терін қатар төгіп жүрген кеншілердің жарқын-жарқын үндері, рясыз ақ көңілден төгілген күміс күлкілері тағыз ерлердің еркіндігін, алаңсыздығын да, ерлерге тән аңғалдықты да аңғартпай қалмайды.

Көлік үстінде кеншілер көтермейтін мәселе жоқ сияқты. Көбіне-көп кешегі атқарған жұмыстарын, бүгінгі істерінің бағыт-бағдарлары мен болжамдарында кеншілер осында, көлік үстінде әзіл-шынын араластыра отырып, әңгімеге өзек ететінінде куә боласыз. Өзгелерден ерекшеленіп — ой, ол былай емес пе, — деп қасындағыларды өзіне қайта-қайта қаратып алып отырған қараторы жігіт енді бір сәтте — бүгін, біздің бригада айлық жоспарды артығымен орындап шығады — деп дауысын көтере арнайы бір мәлімдеме жасап тұрғандай ақ жарылып сала берді. Бұған басқаларда елең ете қалғандай болып — е, жалғыз сендердің ғана бригадаларын бар еді осы кеніште. О, не, қылғаны-әй, сонша. Басқа бригадаларды орындап жатыр ғой жоспарды. Сонша аттандап айқай салмай-ақ — деп бірін-бірі қоштай сөйлегендер қатары көбейіп кеткені сонша әлгі жігіт оң қолын жоғары көтеріп — ия, ия бәріңің де еңбектерің бар. Басқа бригадаларды да ешкім кемітпейді. Бірақ, өздерің айтыңдаршы біздің — бұрғылаушылардың қайсарлығы мен қайраты болмаса қайсының көрсеткішін көтеріле қояр еді. Айтыңдаршы — деп манағыдан да батылдана дауысын қоюлата түсті. Әңгіме осымен тәмәмданды ма дегенше болған жоқ. Әлден уақытта көліктің артқы жағындағы тұтасты орындықта отырған ұзын бойыл ақ-сары жігіт — әрине ғой, бұрғылаушының еңбегін бағалаймыз. Әйтсе де Қабиден барғанша қайда қалдыңдар. Сендерді көтеріп жүрген Қабиден ғой — деп өзі сөйлеп, өзі сақ-сақ күлгенде маңайындағылар оны қоштағандай болып іліп ала жөнелді.

— Рас-рас.

— Қабиден болмаса қайда?

— Бәрі де бригадирге байланысты.

— Бригадирдің де бригадирі бар. Қабиденнің жөні бөлек қой деп әлгіні түп етектен ала түскендей әбігерге салды. Лезде гу-гу ете қалғандардың өзіне сауал үстіне сауал салғанына анау да айылын жиятын емес.

— Иә, солайын, солай дейік. Қабиден келгеннен бері 5 жыл болды. Сондан бері бір ай, не бір күн жоспар орындалмай қалған кезі болған жоқ. Демек, бригадир өз бригадасын, бригада өзін бригадирін тапты деңдер — деп сенімді түрде сөйлеп орыннан тұрып кетті. Оның сөзіне тағы біреулер жауап қайтарамын дегенше жүйткіген көлік кеніш ауласына екпіндеген қалпында келіп ентігін бір-ақ басып, кілт тоқтады. Лықсып барып тоқтаған көлік ішіндегілер орындарынан ду көтеріліп, бірін-бірі алға қарай итереген қалпы жерге түсе бастады. Әлгінде естіген әңгіме көңіліңен кетер емес. — Бригадир. Қабиден — деген сөздер құлақ түбінен қайта-қайта күбірлей естіледі. Сан жылдан бері озаттар көшін бастап жүрген кеніштің — жүйріктер мекені, шеберлер мектебі — деп аталып жүргені де рас. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған» дегендей Қабиден атын естігеннен кейін оның өзімен жүздесіп, кездесуді көздедік. Сол мақсатпенен де аталған кеніштің № 65 бис шахтасы бастығының кенсесіне келдік. Шахта бастығы Нұрболат Нағиовпен осы шахтаның бас инженері Сәкен Ержанов жұмыс жайында кеңесіп отыр екен. Сәкен алдында стол үстінде жатқан шахтаның жер астындағы жұмыс көлемі көрсетілген картаға үңіліп түрлі белгі бедерлер түскен шым-шытырық сызықтың өн бойына үңілген қарап тұр. Бас инженер шахта бастығына бүгінгі жұмыс жүріп жатқан нүктені қызыл карандашпен қоршай сызып көрсетіп берді. Сырт қараған адамға кешегі Мәскеу түбін қоршаған батыр Бауыржанның шабуылы шебін белгілеген майдан картасын көз алдыңа келтіргендей. Осы сәтте жер астындағы майдан деген сөздің шындыққа саятынына көз жеткендей болды. Арнайы келген шаруамыздың жайын білгеннен кейін шахта бастығы күлімсірей тұрып — бізде өндіріс озаттары өте көп. Әйтсе де солардың ішінде «жүзден жүйрік» дегендей есімі ауызға бірден ілігетіндердің қатарында Қабаев Қабиденді ерекше атауға болады. Ол өз ісінің нағыз майталман маманы. Білікті бригадир. Ашығын айтқанда, № 14 учаскенің бағын ашып тұрған да осы Қабиденнің бригадасы — деп көңіліндегісін күлтелектетпей жайып салды. — Енді оның өзіменен сөйлескілеріңіз келсе, қазір учаске бастығы Қанағат Қалиұлы Абдыраевқа телефон шалайын. Қабиден қасында болса, іс оңға басқаны — деп үстел үстіндегі ішкі желік телефонды қолына ала бастады. Оның — Қабиден қасында болса — деген сөзі ойға қалдырды. Әлгінде Қабиден жер астында бригаданың қасында болатын шығар деп ойлағандікі ме, оны кеңседе кездестіруді көз алдыма келтіре алмай отырғанмын. Сол оймен шахта бастығына — жер астында емес, үстінде болғанына қуанатын сияқтысыз ғой — деген тіл ұшында тұрған сауалды қоюға тура келді. Ол да ойымды дұрыс түсінгендей болып: — Ия, Қабиденнің кеңседе жүргеніне қуанамын. Неге десеңіз ол шахта астында еңбек етіп жатқан әріптестерінің қасына ертеңгілік ауысым арасында барып, көріп келгеннен кейін үстіндегі істерді ұйымдастыра бастайды. Ал, шахта астындағы бұрғылаушылар қасында қалса, онда бұрғылау техникалардың бірі істен шықты дей беріңіз. Ондайда ол техника Қабиден бармай жөнделмейді. Сондықтанда астында жұмыс алаңсыз жүрсе, Қабиден кеңседе дей беріңіз. Демек, оның кеңседе отырғаны көбірек болғанын қалаймыз — деп сөзін аяқтап болғанша бастықтың кеңсесіне орта бойлы, шымыр денелі, ширақ жігіт — шақыртыңыз ба? — деп сәлем сонына сауал тастай кірді.

— Міне, Қабиден деген батыр осы — деп шахта бастығы оны бізге таныстырып жатыр. Осы сәтте шахтаның геологы Алма Бұрқаниқызы да кеңсеге келіп — Қабиденді іздеп жүрсем осында екен ғой — деп оған қатысты әлде бір әңгіменің барын аңғартты. Бұрғылаушылар мен геологтардың арасында үзілмейтін байланыс барын түсіндіре бастаған шахта бастығы бүгінгі жоспардың мән-жайынның қалай боларын геологқа да аңғартып қалды. Бір-бірін түсінетін жандар жарты сөзден ұғынысқандай. Келуі мен шығуы қатар болған геологтың ізін ала бригадир Қабиден — Алмагүл, учаскіде кездесейік. Кен бұрғылау орнының жаңа жерлерін айқындауымыз қажет — деп оның соңынан ілесе кеткісі келіп тұрғанын аңғартып қалды. Бұл да болса, бригадир жігіттің жұмыс жайын ойыннан бір сәтке болса да, шығармайтының байқатып қалды.

Қабиден аз сөйлеп, көп тыңдайтынның қатарынан екен. Еңбек жолын Қаражал қаласындағы кең байыту комбинатында бұрғылаушы болып бастаған екен. Қатардағы бұрғылаушы бола жүріп, осындағы бұрғылау станоктарын жөндеу, құрастыру, пайдалану, іске қосуға мамандандырылған арнаулы курста оқып шығады. Жаңа бұрғылау техникалардың қыр-сырына қанығады. Шеберлігі шыңдалған жігіт. Жезқазған кеніштеріне келіп, еңбек етуді ойлайды. Сол мақсатпен Батыс Жезқазған Кенішінің № 55 шахтасына келіп еңбек етеді. Осындағы «ТОРО»СЕРвис учаскесінде бұрғылау техникаларына қызмет көрсетумен айналысады. Өз ісіне жетік білімді маман көршілес Оңтүстік Жезқазған кенішінің мүмкіндігі мен техникалық жарақтандыру жағынан өзгелерден оқ бойы озық тұрғанын да білетін. Осындағы жігіттер шақырғанда мұнда келуге қуана-қуана келіскені де содан. Алғашқы рет 2000 жылы Батыс кеніште бастаған еңбегін сөйтіп 2006 жылдан бері Оңтсүтіктің № 65 бисінде абыройлы жалғастырып келеді. Өз ісін жетік білетін маман осындағы «СОЛО» бұрғылау техникаларын әр ауысым сайын өзі жеке-жеке тексеріп жұмысқа қатысуына кепілдік береді. Ал, ақауы шыққан техниканы көп ұзатпай жөндеудің де қыр-сырын жетік меңгерген. Содан да болар ол келгеннен бері осында өзімен бірге еңбек ететін 17 адамның бәрі де дерлік күндік жоспарын ойдағыдай орындауды жүзеге асырып келеді. Себеп, білікті маман іскер бригадир жұмыс ұйымдастыруды үлгілі түрде қолға алып, техниканың бір сәтте бос тұрмауын қамтамасыз етеді. Қосалқы бөлшек сайман үнемдеу, техниканы тиімді пайдалану нәтижесінде әр жыл сайын оның бригадасы миллиондаған теңге үнемдеуді қалыптасрыған. Өз мүмкіндігінде жұмыс атқарған жерде жоспар орындалмай қалмайды. Қазірдің өзінде бригададағы Жұмағұл Мұсаев пен Александр Рассохин кеніш бойынша бұрғылаушылар арасында озаттар көшін бастауда. Кіл озаттар бас қосқан бригада соңғы 4-5 жыл ішінде айына 42 мың тонна кен өндіру үшін күніне 1400 тонна кен алып, тәулік ішінде 100 метр жерді бұрғылау жоспарын бұлтартпай орындап келеді. Ал, бір бригаданың тұрақты табысы учаскеге, учаскенікі тұтас шахтаға үлгі-өнеге болғандай. Шынында да бұрынғылардың — өз ісіне сенімді жігіттер әрқашанда сертінде тұрады — дегені бекерден-бекер болмаса керек. Сертіне берік жігіттердің серпінді ісінен сергектік байқадық. Бригадир жігіттің көпшіл көңілін көріп қуандық. Күн-түн демей ауыр еңбекті атқара жүріп, қажыдым деп айтпайтын нағыз ерлердің ерен істеріне сүйсіндік. Егеменді елдің еңсе тікпегені сәттегі берекелі істеріне кеншілердің де өзіндік мол, сүбелі табыс әзірлегеніне қуә болдық. Бір сөзді жігіттер тағыда сертінде тұрыпты он бір айлық жоспарды орындап шығыпты. Енді жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындасақ дегенді ойға алыпты. Несі бар елім деген ерлер ойға алса, қолға алған істері берекелі, еңбектері табысты боларына еш күмән жоқ. «Жері байдың елі бай» деген. Жер байлығын ел игілігіне жаратып жатқан жайсаң жігіттерге — жарайсыңдар — десек жарасады.

ҚАРАҒАНДЫоблысы.

СӘТБАЕВ қаласы.

696 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы