• Бизнес & Қоғам
  • 08 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздігіміздің жемісі Мемлекеттік тіл: ішкі істер органдарында

Тәуелсіздік Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі-рәміздеріміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.

Осылай атап көрсеткен Елбасымыз Н. Назарбаевтың одан әрі: «Егер тәуелсіздік алып, егеменді ел болмағанымызда енді бір жиырма жылдан кейін қазақ тілі мүлдем құритын еді. Енді, міне, қасиетті ана тіліміздің бойына қайтадан қан жүгірте бастадық, оны одан әрі жетілдіре беру – әр қазақтың қасиетті борышы», – деген сөздерін тебіренбей оқу мүмкін емес. Ғұламаларымыз бен ойшылдарымыздың тіл туралы айтқан даналық сөздері ойға-нәр, бойға мақтаныш сезімін сыйлайды.

Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы болған қасиетті Тәуелсіздігімізге биыл – 20 жыл. Соңғы жылдары тіл саясаты – мемлекет саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық әрі саяси ахуалдың қалаптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш болды десем, артық айтқандық емес.

Осы жылдары Ақтау қаласы ішкі істер басқармасы басшылығы Мемлекеттік тілге айырықша мән беріп, алғашқы жылдары қоғамдық негіздегі әдістемелік топ құрып, топ мүшелерінің жұмысын қатаң бақылауда ұстады. Кейінгі жылдары штат бойынша мемлекеттік тілді дамыту тобы құрылып, осы топ баспасөз қызметімен біріктіріліп, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі болып кеңейтіліп қайта құрылды. Басқармада жыл сайын қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап, мамыр айының соңына дейін, қазақ тілі курсы өз жұмысын барынша нәтижелі жүргізуге күш салуда. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде үздік іс жүргізетін қызметкерлерімізді моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу жұмысы да қолға алынған.

Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамымен тығыз байланыс жасай отырып қалалық Ішкі істер басқармасы өз қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеруді одан әрі ұштай түсу, біліктілігін жоғарылату, оқыту сабақтарының әдістерін жетілдіру сол арқылы әр қызметкердің мемлекеттік тілді білу деңгейін барынша арттыруды негізгі назарда ұстайды.

Басқарманың барлық бөлімдерінде іс қағаздары тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп, тіл мәселесіне қатысты семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, т.б. іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, абыройын асқақтату, сондай-ақ, мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында «Әрбір тіл – өзінің халқы үшін ұлы» атты Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, ана тілін жетік білетін мамандармен бірге, қазақша судай ағып тұрған өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облысы ІІД басшылығының ұйымдастыруымен өткен сайыста, Мемлекеттік тілді терең меңгерген қырғыз қызы, Ақтау қаласы ІІБ ТАБ инженері, полиция кіші лейтенанты Гүлзат Кокоева бас жүлдеге ие болса, молдаван қызы, Ақтау қаласы ІІБ ҚҚБ ЛРеЖ инспекторы, полиция аға лейтенанты Әсель Рошка 2 орынға ие болды.

Міне осындай жетістіктерге қол жеткізу біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз. Қазақ тілі бөлмесін заманауи техникалармен жабдықтау, сөздіктермен қамтамасыз ету, қазақ тілін оқытудың әдістемесін жетілдіріп, көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану сияқты мәселелер күн тәртібінен түскен емес.

Жеке адам қызметінің мотивтерін қоғамдық мақсаттармен ұштастырылған жағдайда ғана оның іс-әрекеті қоғамға бағынады, қоғамдық мұқтаждықтарды қажетті дәрежеде қанағаттандыру үшін қызмет етеді.

Басқармада қазақ тілі курсына қатысып жүрген қызметкерлердің қажеттілікті толық түсіну, аттестациялаудан өту, келешекте қызметтік баспалдақпен жоғарылау сияқты мәселелерге баса көңіл бөлуі, тілге деген қызығушылықты жылдан-жылға арттырып отырғандары байқалады.

Бүгінгі таңда басқармада қазақ тілі курсында дәріс алып, осы курстарды жемісті аяқтап, өзінің негізгі лауазымдық жұмыстарын, іс-құжаттарын мемлекеттік тілде дайындауды жүзеге асырып жүрген 17 өзге ұлт өкілдері бар.

Тіліміздің мәртебесін арттыру үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларымыз, рухани байлығымыз – ана тілімізді атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың бір жолы деп санаймыз.

Ал біздің, қоғамның бүгінгі таңдағы ең басты мәселесінің бірі – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап, оның қолдану аясын кеңейту. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы ұлты мен нәсіліне қарамастан тіл мәселесін терең түсініп, жауапкершілікпен ат салысуы тиіс.

Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИЕВ,

Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы