• Бизнес & Қоғам
  • 08 Желтоқсан, 2011

Елі сыйлаған азамат

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есеп пен аудиттің ролі мен мәні барынша артып отыр. Демек елімізде аудиторлық қызметті дамытудың маңызы зор екені сөзсіз. Осы орайда аталған саланың қыр-сырын жетік меңгеріп, оның барынша өркендей түсуіне үлесін қосып жүрген азаматтардың баршылығы қуантады.

2006 жылдан бері «Abzal Audit ТАК» ЖШС бас директоры қызметін үлкен жауапкершілікпен және толағай табыстармен атқарып келе жатқан Оразбек Мақашұлының елімізде аудиторлық қызметті дамытуда қосқан үлесі үлкен. 2008 жылғы қыркүйекте Әзірбайжанның Баку қаласында өткен «Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бақылаудың рөлі мен маңыздылығы және ашықтығы» халықаралық конференциясына, 2009 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен МСФО халықаралық кеңесіне, 2010 жылы Молдавияның Кишинев қаласында өткен Сертификатталған бухгальтерлер мен аудиторлардың еуразиялық кеңесіне қатысып, тәжірибе алмастырып, білген-түйгенін үйретуден жалықпаған Оразбек Мақашұлы Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті дамытудағы аудиттың нормативтік-құқықтық базасын, аудиторлық ұйымдардың халықаралық ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан аудитының 15 жылдығына орай «ҚР аудиторлар палатасы» кеңесінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі №26 қаулысы бойынша «ҚР Аудиторлар палатасының құрметті мүшесі» төсбелгісімен марапатталды. Ал кәсіпорынның стратегиялық артықшылықтарын басшылыққа ала отырып жұмысын жүргізіп келе жатқан «Abzal Audit» компаниясы 2006 жылы «Жыл таңдауы агенттігі» мен «Президент және Халық» газетінің бірлескен жобасы бойынша «Үздік аудиторлық компания» деп танылды.

1995 жылдан 1998 жылға дейін «Қазақстан Аудит Коспек» мамандандырылған кәсіпорынының аудитор көмекшісі, бас директордың міндетін атқарушы, аудиторлық және консультациялық қызмет департаментінің вице-президенті және директоры болып қызмет атқарған Оразбек Мақашұлы 2009 жылы «ҚР салық консультанттары палатасы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 7 жыл толуына орай салық жүйесін қалыптастыру ісіндегі белсенді қызметі және ҚР салық консультациясын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ сол жылдың 11 желтоқсанда «ҚР аудиторлар палатасының» Аудиторлар бірлестігі мемлекеттік тілге көшуді әзірлегені және Аудиттің халықаралық стандартын енгізгені үшін «Алғыс» грамотасымен марапаттады.

Өз саласының білгір маманы аталған аумақпен шектеліп қалмай, елдің қоғамдық өміріне де белсене араласып, барынша қолдан келген көмегін көрестіп келеді. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұлттық жобаның демеушісі болып, қазақ халқының мәдени бірегей мұрасы «Аламан-айтысқа» жанашырлық танытуын да мақтанышпен айтуға болады. «Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасы: Отансүйгіштік және халықтар арасындағы достық» бағдарламасына және «Алматы қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері» қоғамдық қорына қатысқан Оразбек Мақашұлы 2010 жылы Кеңес Одағының батыры, қазақ жазушысы әрі қолбасшысы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына байланысты батырдың рухани адамгершілік және әскери теориялық мұрасын насихаттауға белсене атсалысқаны үшін медальмен марапатталды.

Еңбек жолын Жамбыл облысындағы «Айдарлы» кеңшарында 1967 жылы слесарь болып бастаған Оразбек Мақашұлының бүгінгі жеткен жетістіктері – табандылығы мен іскерлігінің айқын көрінісі.

503 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы