• Қаржы
  • 28 Тамыз, 2014

ДИҚАНДАР ТАБЫСТЫ КҮЗДЕ САРАЛАЙДЫ

Жетісу   өңірінің   құнарлы   топыра-ғында өспейтін дақыл, шықпайтын өсімдік жоқ. Биылғы күзде Алматы облысының диқандары ерте көктемде жерге сіңірген дән тұқымдарының қай-қайсысынан да мол өнім жинап, қырман қамбасын тау-тау астық өнімдерімен байытқалы отыр.Сондай өнімді дақылдардың бірі – жүгері өсіруге маманданған шаруашылықтардың қарасы да көбейіп келеді. Жүгері – өте өсімтал дақыл. Бойы сорайып өсіп кеткеннен кейін ол көп баптауды да қажет етпейді.

Ерте көктемде құнарлы топыраққа енген бір түйір жүгері тұқымы тез өніп, бірте-бірте бойы ұзара түседі. Жаздың жуан ортасында, яғни, шілденің шіліңгірінде бойшаң өскен жүгерінің бойы 2 метрден де асып түседі. Көзге сұлу әрі көрнекті көрінетін жүгеріні диқандар «Дала аруы» деп те еркелетіп атайды. Жарасымды емес пе?! Алқаптарға ерекше сән беріп, сылаңып, жайқалып өсіп тұрған жүгері дақылына сүйсіне қарау – диқандардың ежелгі дағдысы. Бұл дақылды олар берекенің басы деп те есептейді.
Осындай кісі қызығарлық жүгерілік алқаптар Талдықорған өңіріндегі Ескелді ауданының шаруашылықтарында да қанатын кеңге жайған. Биыл бұл өңірде 69389 гектар жерге дәндік жүгері себілген еді. Жүгерішілер осы кезге дейін дақылдың бітік өсіп, дәнінің толысуы жолында аянбай еңбек етті. Атап айтқанда, Ескелді ауданында 21570 гектар алқапта жүгері дақылы қазір жайқала өсіп тұр. Осындағы «Хильченко және К»  сенім серіктестігі алқаптарында көз қызығарлық көрініс те осыны растайды. Серіктестік төрағасы Виктор Хильченконың есімі облыстан тыс жерлерге де жақсы таныс. Еңбегімен ел құрметіне бөленген бұл адам жайлы көп айтуға болады. Ол осы ұжымды сексенінші жылдардың соңына таман құрып, содан бері бір орнында табан аудармай жемісті еңбек етіп келеді.
Құрамында 550 адам еңбек ететін бұл серіктестік өткен 2013 жылды 740,8 млн теңге таза пайдамен аяқтап шыққан болатын. Биыл да табыстың тайқазаны тасығалы тұр. Диқандар балапанды күзде санағанды ұнатады. Өсірген жүгерілерінің жігерді жасытпайтындығына бәрінің де көңілдері сенімді. Айтпақшы, жалпы серіктестікте ет, сүт және биязы жүн бағытындағы ірі қара, жылқы, қой, ешкі малдары да өсіріліп отыр. Олардың да өнімін  көл-гөсір, берекесін төгілдре түсуге ұжым мүшелері құлшынып тұр.  

Ыбрай ЕМЕНДӘУЛЕТ

766 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы