• Қаржы
  • 04 Қыркүйек, 2014

ӨНІМІ ТӘТТІ, БЕЙНЕТІ ҚАТТЫ

Алматы облысы қант қызылшасын өсіруге маманданған өңір бола тұра, оны өсіру ауқымын азайтқаны, өңірдегі қант зауыттары тоқырап тұрғаны Елбасының облысқа жасаған сапарында сынға алынған болатын. Осыған байланысты қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта қалпына келтіру үшін өңір басшылығы барлық мүмкіндіктерді қарастыруға кірісті.
Жетісудың табиғи-климаттық жағдайы қант қызылшасын өсіруге толық мүмкіндік береді. Әр гектарынан орта есеппен 450-500 центнерден, одан да жоғары өнім алуға болатынын уақыттың өзі дәлелдеген болатын. Мәселен, Ескелді ауданындағы «Хильниченко и К» командиттік серіктестігі бұл көрсеткішті 600 центнерге жеткізіп отыр. Өнімі тәтті, бейнеті қатты дақылды өсірудің өз қиындықтары бар. Дегенмен облыс басшылығының көмегімен шаруашылықтар бұл іске білек сыбана еңбек етуге әзір.


Қант қызылшасын өсіретін Ақсу, Сарқан, Ескелді аудандарындағы шаруашылықтар бұған дейін өнімін өңдейтін кәсіпорынның шалғайда орналасқандығынан және өнімді қабылдау құнына көңілдері толмайтындықтан көптеген қиындықтармен бетпе-бет келген еді. Ендігі жерде облыс басшылары аталған аудандарда қант өңдейтін шағын зауыттар салу мүмкіндігін қарастыруда. Сол сияқты қант қызылшасы түсімін арттыру мақсатында инновациялық технологияларды пайдалану мен еңбек өнімділігін арттыруға күш салмақ.
Сарапшылардың айтуынша, дәнді дақылдарға қарағанда қант қызылшасының еңбек шығыны 11-13 есе, ал материалдық-қаржылық шығыны 6-8 есе көп, соған қарай,  жалпы өнім алу көлемі де 3-4 есеге, ал таза кірісі 4 есеге артық бола алады. Тәтті түбірдің қант өндірісіндегі және азық-түліктің осы түрімен республика халқын қамтамасыз етудегі маңызы зор болғандықтан, бұл іске жетісулықтар бар күш-жігерлерін жұмылдыруға ниетті.

Алматы облысы әкімінің
баспасөз қызметі

643 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы