• Қаржы
  • 04 Қыркүйек, 2014

СҮТ ЗАУЫТЫНДАҒЫ СЕРПІН

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы «JLC Сүт» ЖШС сүт зауытында болып, оның тыныс-тіршілігімен, еңбек адамдарының қажырлы іс-қимылымен жіті танысқаны есімізде. Елбасының бұл кәсіпорынға келуі үлкен оқиғаға айналып, ұжым жұмысына соны серпін берген еді. 

«JLC Сүт» ЖШС – сүт өнімдерін өндіретін итальяндық заманауи жабдықтармен жабдықталған ұжым. Зауыт қуаттылығының болжамы – жылына 21,8 мың тонна сүт өнімі. Алғашқы кезеңде өнімділік – тәулігіне 15 тонна,  одан кейін бұл көрсеткіш 160 тоннаға дейін артуға тиіс.

Қазіргі уақытта аталған жоба бойынша сүтті қабылдау мен қайта өндіру бойынша жаңа желі іске қосылды. Жаңа сорғылық құрылғы мен қазандық орнатылды. Зауытта сүт жаңа технологияның арқасында қайта өндіріледі. Бұл жұмыс процестерінің бәрі арнайы қондырғылар арқылы жүзеге асады.
Сүт зауыты 2013 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 11,2 млн. теңгенің ұзындығы 0,7 км. болатын 10 кВ желілерді құру бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. Бүгінгі таңда кәсіпорынға 1,4 млрд. теңге көлеміндегі несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 72 млн. теңге субсидия бөлінді.
Зауыт құрылысы кәсіпорын жанындағы аймақтардағы сүтті іріқара шаруашылығының дамуына жол ашады. Бұл үшін 2011 жылдан бастап «Еңбекпен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша шағын несиелер берілуде. Сүт зауыты алғашқы кезеңде –102 адамды еңбекпен қамтыса, кейін бұл көрсеткіш 150-ге дейін жетпек. Орташа жалақы – 80 мың теңге. Мұнда жұмысшылардың еңбек жағдайы, қауіпсіздігі, тұрмыстық, басқа да әлеуметтік мәселелері оң шешімін тапқан. Сондықтан да олар еселі еңбек етіп, сапалы өнім өндіруді басты міндеттері санайды. Елбасымен жүздескенде де ұжым мүшелері осындай сенім білдірген болатын.
Ибраш  ТҰРЫМБЕТ

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы