• Қаржы
  • 04 Қыркүйек, 2014

ДӘСТҮРЛІ «АЛҚАП КҮНІ» диқандар егін орағын бастады

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Ясная Поляна ауылында егін жинау жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізудің іс-тәжірибесін талқылауға арналған дәстүрлі «Алқап күні» өтіп, Анатолий Рафальский жетекшілік ететін «Тайынша-Астық» ЖШС-нің комбайншылары бірінші болып, жаңа егіннің астығын оруға кірісті.

Агроөнеркәсіп кешені өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңесте сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Ерік Сұлтанов көктемгі-жазғы кезеңде мол астық алу үшін көп жұмыс атқарылғанын, енді алда озық технологияларды дұрыс пайдалана отырып, астықты уақытында жинау міндеті тұрғанын атап көрсетті.


Биыл солтүстік қазақстандық диқандар 3,3 миллион гектарға дәнді, 597 мың гектарға майлы, 442 мың гектарға жемазық дақылдарын өсірді. Жауапты науқанға 9382 комбайн, 5088 жатка, 6105 жүк автомобильдері қатысатын болады. Олардың 97 пайызы әзір.
Жыл басынан бері 8,8 миллиард теңгеге су жаңа 700 техника бірлігі сатып алынған. Арзандатылған бағамен 72 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Оның әр литрін 110 теңгеден асырмау көзделген. Жаңа орақтың астығын жалпы сыйымдылығы 3,5 миллион тонна болатын 56 элеватор және агроқұрылмдардағы 2,7 миллион тонналық қоймалар кідіріссіз қабылдайды. 273 астық агрегаты күніне 181 мың тонна өнім кептіре алады.
Аймақта егінді ысырпасыз жинап алудың барлық мүмкіндіктері қарастырылуда. Рас, биылғы ауа райының егіннің пісіп, толысар шағында жауын-шашынды болып, біраз кедергі жасағаны диқандардың ойынан әлі кетер емес. Бірақ, үміт дүниесі сөнбейді. Жылы күзде егін алқаптарында өнген астықты төкпей-шашпай жинап алуға өңір диқандары бір кісідей жұмыла түсуде.
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ

1216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы