• Білім & Ғылым
  • 08 Қыркүйек, 2011

Министр ыстық ықыласын білдірді

Бүгінгі күні уақыт талабынан туындап отырған үдемелі индустриялдық-инновациялық экономиканы дамытуға үн қосу мақсатында, оның ішінде агроөндірістік кешенді жаңа технология бойынша тиімділік тізбегінде ұлғайтуға ұмтылыс халықтың қамы үшін жасалып жатқан жасампаздық дамуымыздың жарқын көрінісі болып отыр. Қазір бұл бағыттағы игілікті істердің бастауы кеңінен өріс алап барады. Оны ғылым мен өндірістің тығыз байланыстағы өркен жайып отырған өрелі іс-қимылынан анық аңғара аламыз.

Күн тәртібінен түспейтін көкейкесті мәселелерге орай таяуда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжана Мамытбеков Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы келіп, агроөнеркәсіп кешенінің білікті де білгір кадрларын даярлап келе жатқан білім ордасының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысып шықты. Министр өмірімізге дендеп кірген инновациялық технологияның қалай іс жүзіне асып жатқанының жанды көрінісіне осы жерден де айқын көз жеткізді. Оған қоғамдық өмірдегі қозғалыстың бел ортасынан кеңінен орын алып отырған шынайы дәлелдер ұтымды ұйымдастырылған көрме залында көпшілікті баурап алды. Сондықтан да болар көрмеден орын алған құрал-жабдықтардың күткен деңгейдегідей іс жүзіне асып келе жатқанына таңданысын да білдірмей тұра алмады.

Асылжан Мамытбековтың көрмені тамашалау кезінде қойған орынды сұрақтарына оқу орнының профессор- оқытушылары мүдірмей жауап беріп, өздерін терең білім игерлері екенін көрсетті. Университеттің ғылымның қия жолында талмас ізденісте екенін қол жеткізген жетістіктері дәлелдеп бере алады. Отандық агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми өндірістік консорциум құруға университеттегі «Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығы, 6 ғылыми-зерттеу институты және 31 ізденушілер зертханасы жұмыс істеп, мұндағы ғалымдар соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында көптеген инновациялық жобаларды таразы талқысына ұсынды. Осындай қомақты жұмыстар ауқымына қанық болған министр Асылжан Мамытбеков ғалымдардың құптауға тұрарлық құлшыныстарына да ризашылық сезімін жасыра алмады.

Бұдан кейін министр «Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығындағы ғылым көкжиектеріне де баса назар аударды. Бұдан қазіргі технологиялық принциптер мен жобаларды басқаруға университетті ұлттық зерттеушілік университетіне трансформациялау жүргізілу үстінде екенін көріп, көп жайларға қанықты. Зерттеушілік университеттің негізгі мақсаты – ғылымды интенсивті дамыту, ғылым мен өндірістің интеграциясы, интелектуалды жеке меншік пен технология нәтижелерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу мен ұйымдастыруда және өзге де ғылыми-техникалық жобаларға қатысу үшін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Ал ҚазҰАУ осы бағытта нақты, батыл қадамдар жасауда. Университет өзінің ресурстарын жинақтап алып, аграрлық секторды дамытуға оны білім, ғылым, елімізді инновациялық бәсекелестікке дайындауға негізгі ядро болып табылады.

Ғылым жағынан берік негізі бар университеттің 388 докторы мен ғылым кандидаты, оның ішінде ҚР ҰҒА-ның аграрлық бөлімінің 37 академигі бұл күндері 42 мамандық бойынша бакалавриат, 39 магистратура және 16 PһD докторанттар дайындауды қамтамасыз етеді. Бұл міндеттің артар жауапкершілігі мен көтерер жүгі де салмақты. Оны ғалымдар жете сезінеді. Қазір зерттеу зертханаларының саны едәуір ұлғайды. Тілімізге тиек етіп отырған «Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығы пилоттық инновациялық орталық деген атауға ие. Ол 2010 жылы JEOL «Шимадзу» жетекші жапон концернімен бірігіп құрылды. Қазақстандағы жалғыз ҚазҰАУ-дағы аграрлық зерттеу және индустриалды-инновациялық орталығы ауыл шаруашылығын дамытуға және еліміздің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының ғалымдары 95 инвестициялық жобаларға еліміздің барлық аймағында белсене қатысуда. Университетті ұлттық зерттеу университетіне трансформациялауда командалық жұмыстар «алғашқы жеті адым» жасалып, ол жаһандық үдерістер өзгерісінің басы болмақ. Министр Асылжан Мамытбеков «Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығынан үлкен әсерге бөленіп шыққанын да жалпақ жұртқа жайып салды.

«Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығында бірлесіп жүзеге асырған және жоспарланып отырған жобалардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен инновациялық зертханалардың, университет ғалымдарының біткен ғылыми жұмыстарының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін тек ішкі рынокқа тәуелді етпей, сыртқа шығаруға да мүмкіндігіміз бен әлеуетіміз жететіні кеңінен айтылды. ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов министрдің университет ұжымымен кездесуінде жоғарыда талқыға түскен мәселелер төңірегіндегі толғақты ойларын ортаға салды. Сол сияқты министр Асылжан Мамытбеков те игілікке бастайтын ауыл шаруашылығындағы бедерлі бетбұрыстар мен көкейінде жүрген тағы басқа мәселелерді көпшіліктің алдына көлденең тартты. Оның сөзіне жиналған қауым жылы лебіздерін білдірді. Кездесу соңында министр Асылжан Мамытбековке «ҚазҰАУ-нің Құрметті профессоры» атағы берілді. Бұл оған көрсетілген лайықты құрмет еді.

Қанат ТӘКЕБАЕВ,

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің

баспасөз қызметінің хатшысы.

Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков

583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы