• Ақпарат
  • 05 Қыркүйек, 2014

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

2014 жылғы 27 тамызда «БЖЗҚ» АҚ –ның жалғыз акционерінің шешімімен «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 8 мүшеден тұратын жаңа құрамы белгіленді. Осы шешіммен Директорлар кеңесінің әрекеттегі құрамына тағы 2 мүше енгізілді, олар:

 

  1. Куандыков Болатбек Баянович;
  2. Елемесов Аскар Раушанулы (тәуелсіз директор).

 

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 03 қыркүйекте өткізген алғашқы отырысында «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Галиева Дина Тулеубековна сайланғанын хабарлаймыз.

 

Осылайша, «БЖЗҚ» АҚ-ның Директорлар кеңесі қазіргі кезде төмендегідей құрамда ұсынылды:

 

Галиева Дина Тулеубековна, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары - «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

 

Куандыков Болатбек Баянович, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмыстары және бақылау департаментінің Ұлттық Банк төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы;

 

Колдасов Ержан Тасболатович, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржылық есеп және қаржылық операцияларды мониторингілеу департаментінің директоры;

 

Утепов Эдуард Карлович, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;

 

Козжанова Майраш Сапарбековна, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры;

 

Елемесов Аскар Раушанулы, "Тройка-Диалог Казахстан" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы президиумының Қаржы секторы комитетінің төрағасы – тәуелсіз директор;

 

Ибрагим Турхан, Ыстамбұлдық қор биржасының төрағасы – тәуелсіз директор;

 

Энтони Эспина, «АТФБанк» АҚ Басқармасының төрағасы – тәуелсіз директор.

 

Асан Куанов

 

БАҚ үшін байланыс көздері:

 

marina_a@enpf.kz, teplih_m@enpf.kz, a.kuanov@enpf.kz

802 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы