• Қаржы
  • 15 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік нысаны Теңге осында жасалады

Теңге сарайы еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдары, 1992 жылы дүниеге келді. Яғни басқа елдердің ақша сарайларымен салыстырғанда ол өте жас.

Соған қарамастан, ұжымның ізденісі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде бүгін біз барлық тапсырыстардың жоғары сапалы орындалуына толық жауапкершілікпен кепілдік береміз. Өйткені біз үшін тапсырысшы үшін қызмет ету және оның көңілінен шығу – басты мақсат. Бүгінде басқаша жұмыс істеуге болмайтынын толық түсінеміз, тапсырыс берушілер осыны күтеді, мұны нарық талап етеді.

Теңге сарайында жоғары білікті мамандар және өз ісінің шеберлері жұмыс істейді. Еңбек ұжымының негізін әлемдегі жетекші ядролық отын өндірушілердің бірі – Үлбі металлургиялық зауытынан келген жоғары білікті мамандар құрайды. Сондықтан бүгін біздің ұжымның ұйытқысын осы құрайды.

Біздің өндірісте Германия, Швейцария және басқа еуропа елдерінен әкелінген ең жаңа жабдықтарға негізделген ғылыми технологиялар қолданылады. Басқа ақша сарайларынан айырмашылығы бізде бірегей бұйымдар жасауға мүмкіндік беретін балқыту мен илеуден бастап шекімеге дейінгі және әртүрлі қаптама қабат жалатудың барлық технологиялық шектері бар. Теңге сарайында монеталарды, ордендер мен медальдарды дайындаудың, қорытпаларды құю мен илеуден бастап шекімеге дейінгі толық технологиялық тізбегі бар. Соның нәтижесінде бүгін біз Қазақстанды өзінің сипаттамасы бойынша Еуропа мен Америкада қолданылатын банкноттардан кем түспейтін, айырбастау теңгелерімен толық қамтамасыз етеміз. Сан ғасырлық тарихы бар ақша сарайларымен бірдей дәрежеде біз алтыннан және «proof» жоғары сапалы күмістен де коллекциялық теңгелер шығарамыз. Сондай-ақ әлемдегі 58 ақша сарайының тек кейбірі шығара алатын бірегей бұйымдардың бірі, диаметрі 100 мм және салмағы 1 килограмм болатын «proof» күміс теңгелер өндірісін игердік. Теңге жыл сайын Швейцарияның Базель қаласында өткізілетін ақша сарайларының ең беделді көрмесіне қатысып, әлемдік өлшемдерге сәйкестігін дәлелдеп келеді.

Президент әкімшілігі еліміздің мемлекеттік наградаларын жасауды біздің кәсіпорынға сеніммен тапсырғанын мақтанышпен айтуға болады. Қазіргі күні біздің шеберлердің қолынан шыққан ордендер мен медальдар зергерлік өнердің лайықты үлгісі болып табылады. Сонымен қатар естелік медальдар, белгішелер, кеуде белгілері, таңбалар мен мөрлер, көрнекті кәдесыйлар, фурнитуралар, күміс түйіспелер, асханалық күміс өнімдерінің түр-түрін жасап шығару сияқты қызмет бағыттарын игердік. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда.

Ұжым еңбегі Президент әкімшілігі, үкімет, ұлттық банк, мекемелер мен ұйымдар, әртүрлі кәсіпорындар тарапынан жоғары бағалануда. Өнімдеріміз халықаралық көрмелерде де жоғары бағаға ие болуда. Мысалы, Қазақстан теңге сарайы 1999 жылы Жаңасібір қаласында өткізілген «Сібір. Экспорт-импорт» көрмесінде алтын медаль, 2000 жылы Барнаулда өткен «Сібір – Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» көрмесінде жеңімпаз атанды.

Әрине, бүгінгі жетістіктермен шектелуге болмайды. Сондықтан біз алдымызға қойған жаңа мақсаттарға ұмтыла отырып, үнемі ізденіс үстінде келеміз. Осының нәтижесінде өндірісті барынша жетілдіріп, тапсырыс берушілердің жоғары талабы деңгейінен көрінуге тырысамыз. Барлық жұмыс бағыттарының дамуы зерттеулер негізінде жасалған жоспарларға сәйкес, кешенді түрде жүргізіледі. Бұл мамандардың білімі мен тәжірибесін, құрал-жабдықтар мен материалдарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Қазақстан теңге сарайы бүгін – жетекші шетел фирмаларының қазіргі заманғы жоғары өндірістік жабдықтарымен жарақтандырылған, серпінді даму үстіндегі кәсіпорын.

Фарит ТУҒАНБАЕВ, Қазақстан теңге сарайының директоры

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы