• Бизнес & Қоғам
  • 18 Қыркүйек, 2014

Экономикалық өсімнің артуы әлеуметтік салаға оң әсер етуде

Шығыс Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі аймақ экономикасы дамуының арқасында көтеріліп келеді. Бұл туралы жуырда өткен брифингте ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская мәлім еткен болатын.Елена Ясинскаяның айтуынша, әлеуметтік салада жақсарған ең маңызды көрсеткіштердің бірі – өңірде адам жасының ұзақтығын ұлғайту болып табылады. Бүгінде бұл өңірде адамдардың өмір сүруінің орташа көрсеткіші 68-69 жасты құрайды. Туу көрсеткіштері де ұлғайды. Бірінші жартыжылдықта ШҚО-да 11421 нәресте дүниеге келді.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 5 пайызға жоғары. Басқарма басшысы атап өткендей, бұл халық сезіне бастаған тұрақтылықты білдіреді. Халық ертеңгі күнге  сеніммен қарайды, отбасыларын толықтырудан қорықпайды.
Соңғы деректерге сүйенсек, шығысқазақстандықтардың отбасында 145 мың мектепке дейінгі мекеме жасындағы балалар мен 167 мың оқушы тәрбиеленуде. Облыста 32 мыңнан астам студент білім алса, 29 жасқа дейінгі 160 мыңнан астам жастар жұмыспен қамтылған.
– 14-тен 29 жасқа дейінгі жастар облыс халқының 25 пайызын құрайды, – дейді  Е.Ясинская. – Бұл еңбек және зияткерлік ресурстардың ауқымды әлеуеті. Тір­келген жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың санында 4,8 пайызға дейін төмендеді. Мұнда жұмыссыздықпен күрес шарасының ықпалы зор болды: бос орын жәрмеңкелерін, қоғамдық жұмыс ұйымдастыру бағдарламаларын, қала мекемелеріндегі жастар тә­жірибесін, кәсіби оқыту курстарын ұйымдастыру қолға алынды.
Басқарма басшысының айтуынша, экономикалық дамудың ең маңызды нәтижесі, ең оңды сәті облыс халқының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Облыс бойынша орташа жалақы 93,7 мың теңгені құрайды екен. Өткен жылмен салыстырғанда, нақты аударым 8,3 пайызға артқан. Тұтастай халық табысы 7,2 пайызға өсіп, ол  55,9 мың теңгеге жетті. Өз кезегінде табыстардың өсуі тұтыну нарығында сатылым көлемдерін арттырып, бөлшек сауда тауар айналымын ұлғайтты. Бұл бюджетке де жақсы  әсер еткен. Бюджеттің бар қаражаты облыс экономикасының барлық салаларын, әсіресе әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыруды ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Иә, экономикалық әлеуеті мықты аймақтың болашағы да жарқын болатыны күмәнсіз.


Ибраш ТҰРЫМБЕТ

777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы