• Қаржы
  • 02 Қазан, 2014

Қаржылық сауаттылық кабинеті жұмыс істейді

Ұлттық банктің Батыс Қазақстан бөлімшесі жанынан  облыс тұрғындары­ның қаржылық сауаттылығын арттыру кабинеті ашылды.  

Өткен жылғы наурыз айынан бөлімшеде қаржы ұйымдарын бақылау және қаржы қызметтерін тұты­нушылардың құқықтарын қорғау бөлімі ашылып, жұмыс істей бастады.  Бөлім мамандары жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерге қатысты өтініштері мен шағымдарын қарайды, тұтынушылардың құқықтарын қорғайды,  қаржы ұйымдарының қызметтерін бақылайды.


– Биылғы жыл басынан бергі уақыт ішінде жеке және заңды тұлғаларға 92 ауызша кеңестер берілген. Екінші деңгейлі банктерден алынып, қайтарылмаған несиені қайта қаржыландыруға және құрлымын өзгертуге көмектесуді сұраған бірқатар азамат­тардың өтініштеріне орай Ұлттық банк бөлімшесі екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен 7 жұмыс кездесуін өткізді. Сондай кездесулердің нәтижесінде банк несиесін тұтынушылар мен екінші деңгейдегі банктер өкілдеріне түйінді мәселелерді шешудің жолдары ұсынылды, – деді Ұлттық банктің Батыс Қазақстан бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Ғалия Сатыбалдиева.
Енді бөлім мамандары әр айдың соңғы бей­сенбісінде қаржылық сауаттылық каби­нетінде қар­жылық сауаттандыру бағы­тындағы сабақтарды тегін, мемлекеттік және ресми тілдерде өткізеді. Жалпы қаржылық қызмет көрсету, соның ішінде несие алу, депозит ашу және өзге де қызметтерге қатысты білікті мамандардан кеңес алу үшін арнайы ашылған кабинеттің есігі әркез ашық.
 
Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ,
Орал қаласы

1444 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы