• Бизнес & Қоғам
  • 02 Қазан, 2014

ЖҮЗ МЫҢЫНШЫ «НИВА» конвейерден көлік өндірісіне жол тартты

Өскемендегі көлік құрастыратын қазақстандық «Азия Авто» конвейерінен 100-мыңыншы автомобиль шығарылды. Бұл облыс өмірі үшін елеулі оқиғаға айналды.

Жолсызбен жүретін көліктің конвейерден шығарылған мерейтойлық салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев   «Азия Авто» ААҚ президенті  Бу Андерссон, инвестициялар және даму вице-министрі  Альберт Рау, «БИПЭК Авто»  компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин,  «Азия Авто Казахстан» АҚ бас директоры Ержан Мандиев қатысты.


Аймақ басшысы Б.Сапарбаев  меймандарды және кәсіпорынның еңбек ұжымын машина құрылысы күнімен және мерейтойлық автомобильдің шығарылуы­мен құттықтады. Ол өз сөзінде машина құрастыру саласының басшыларына әріптестік қызметтері үшін алғыс сезімін жеткізді және де бірлесіп жұмыс істеудің биік нәтижелерге жеткізетіндігіне сенім білдірді. Өз кезегінде меймандар да сөз алып, автомобиль шаруашылығының болашағы жайлы  ойларын ортаға салды.  
Салтанатты шара аяқталғаннан кейін тараптар  толық тізбекті  «Азия Авто Казахстан» бірлескен автомобиль зауыты құрылысы жүріп жатқан алаңға барды. Жылына 120 мың  автомобиль шығаратын бұл зауыт 2016 жылы іске қосылмақ. Бірлескен өнімнің 25 пайызы ресейлік «АвтоВАЗ-ға», ал 75 пайызы қазақстандық «БИПЭК Авто» компаниясына тиесілі.
«Бұл жаңа қадам. Біз бірлескен зауыт салып, жаңа автомобильдерді шығаратын боламыз. «АвтоВАЗ»  өнімдерді сатуға қолдау көрсетеді.  Lada Vesta автомаши­насы да Қазақстанда шығарылады. Біз өзіміздің жаңа өнімдеріміздің бәрін бір­лескен өндіріске береміз», – деді Бу Андерссон.
Андерссонның айтуынша, негізгі на­рық Сібір мен Қазақстан болмақ. Өнді­рілген өнімнің жартысы қайтадан Ресейге экспортталатын болады.
2013 жылы қарашада Өскеменде зауытты салу басталған еді. Бүгінде ол қаланың көрікті бір нысанына айналып отыр. Ресейлік және қазақстандық кәсіпорын мамандарының айтуынша, зауыттың алғашқы жеті жылдағы өндіріс көлемі 500 мың автомобильді құрайды. Автомобильдерді дәнекерлеу, сырлау және құрастыру жөніндегі базалық қуаттар құрылысына жоба ауқымында 500 млн доллардан астам инвестиция тартылмақ. Қосалқы өндірістерді құруға 630 млн доллар жұмсалады деп күтілуде.


Ибрагим ТҰРЫМБЕТ

836 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы